«Жарақаттан ба, әлде жанжалдан ба?»: Жанқоштың жекпе-жегі болмайтын болды
Фото: instagram / Жанқош Тұраров
Қазақстандық танымал боксшы Жанқош Тұраров Алматы Аренада 28 қыркүйекте өтетін жекпе-жегіне қатыспайды, деп хабарлайды Orda.kz.
Жанқош Тұраровтың айтуынша, мұның себебі – жаттығу кезінде алған жарақаты.
«Ассалаумағалейкум, достар! 28-қыркүйекке жоспарланған жекпе-жегім оң жақ иығымнан жаттығу барысында жарақат алуыма байланысты кейінге қалдырылды. Қай уақытта болатынын алдағы уақытта хабарлаймын» деп жазды боксшы өзінің instagram парақшасында.
Тамыз айында боксшының басы дауға қалған болатын. 21 тамызда Алматы полициясы спортшыға қатысты зорлау айыбы бойынша қылмыстық іс қозғағаны белгілі болды. Жанқош бұл айыптарды түбегейлі жоққа шығарып, жалған деп атады. Алайда оның «Төсектес қыз керек болса, маған зорламай-ақ келетін жағдайым бар!» деген сөздерін жұрт талқылаған болатын.
Тұраровтың жұбайы да оны қолдап, «бәрі жақсы, танымал адамдар туралы не айтылмайды» деп қауесетке сенбеуге шақырды.
26 тамызда боксшы өзіне тағылған айыптар бойынша маңызды мәлімдеме жасады. Алайда оның мән-жайы әзірге ашылмады.
Спортшы өзінің Instagram парақшасына адвокаты Самат Мамұтовтың баспасөз конференциясы бейнежазбасын салды.
«Қылмыстық іс ҚР ҚК 120-бабы, 1-бөлігі (зорлау) бойынша қозғалды. Жанқош Тұраров күдікті деп танылған жоқ, ол қазір қорғануға құқығы бар куәгер мәртебесінде тұр, бұл – қалыпты процедура. Егер зардап шегуші немесе куәгерлер біреуді нұсқайтын болса, ол қорғануға құқығы бар куәгер мәртебесін алады, сондықтан Жанқош Тұраров қазіргі уақытта осы мәртебеде. Оған қатысты бұлтартпау шарасы қолданылған жоқ, сотқа дейінгі тергеу органдарына келу міндеттемесі бар», – деді Самат Мамұтов Жанқош Тұраров жариялаған бейнежазбада.
Ал спортшы бәрін жоққа шығарып, алып-қашпа сөзден шаршағанын айтты.
«Лас, алып-қашпа сөздер шаршатты. Арызданушымен төсек қатынасы тұрмақ, ешқандай қарым-қатынас та болған емес!» деп жазды Жанқош Тұраров.
Жаңалықтар
- Теңізде төтенше жағдай: Компания өрттің шығу себебін тексеріп жатыр
- Түркияның орталық бөлігінде магнитудасы 5,5 болатын жер сілкінісі болды
- Блогер Жанабыловтар отбасының ісі бойынша сот тыңдауы басталды
- 4 адам мерт болды: Иракта АҚШ-тың жанармай құятын әскери ұшағы құлады
- Снежанна Имашева отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болды
- Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары ауысты
- Қазақстан азаматтарына БАӘ-де 217 жылжымайтын мүлік тиесілі
- Референдум: Бүгін үгіт-насихат жұмыстары аяқталады
- Терезе алдындағы ішімдік бөтелкелері: Абай облысында прокуратура қызметкерлері сөгіс алды
- Тоқаев судьялар корпусында ауқымды кадрлық өзгеріс жасады
- Павлодарда бір жарым жастағы бала тазартқыш сұйықтық ішіп, мүгедек болып қалды
- Алматыда жоспарлы түрде жарық өшеді: Қай көшелерде?
- «Иран бұрынғыдай емес»: Нетаньяху соғыс басталғалы бергі алғашқы баспасөз мәслихатын өткізді
- Трамп соғыста «алдын ала жеңіп жатырмыз» деді. Алайда шығын шаш етектен
- Польшада жоғалған қазақстандық әйелдің мәйіті табылды
- Билік Қазақстан экономикасына 22,7 трлн инвестиция құйылғанын айтты
- Арыс ауданында жоқ малға субсидия алған әйел сотталды
- Иран Дубайдағы халықаралық қаржы орталығына шабуыл жасады
- Марқұм Әли Хаменейдің әйелі тірі
- Иран СІМ: Ормуз бұғазына мина қойып жатқан жоқпыз