«Жаңа» ғылым академиясы: Қазақстан-неміс ғылым орталығы ашылмақ
Фото: Orda.kz
17 қыркүйекте Қазақстанға Германияның федералды канцлері Олаф Шольц келеді. Оның бағдарламасының бір тармағы – Қазақстан-неміс ғылыми-зерттеу орталығының ашылуы болмақ. Орталық Алматыда, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясының базасында құрылмақ. Алайда, Шольц оны өзі ашпайды. Жоспар бойынша, Қасым-Жомарт Тоқаев екеуі Астанадан орталықтың ашылуын қашықтан бақылап отырады. Ғылыми орталықтың ашылуына әлі екі апта уақыт бар. Бірақ бүгін қазақстан және неміс ғалымдары орталықтың немен айналысатынын айтып берді. Олардың пікірін Orda.kz тілшісі тыңдап қайтты.
Қағаз жүзінде ҚР Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясы екі жылға жуық уақыттан бері жұмыс істеп келеді. Бірақ осы жазға дейін оның айтарлықтай белсенділігі байқалмаған еді.
Алайда, ол елдің жоғары ғылыми органы мәртебесін алғаннан кейін, «жаңа» ғылым академиясы айқын жандана түсті. Маусым айында алғашқы академиктердің есімдері жарияланды. Бір апта бұрын оларға салтанатты түрде дипломдар табысталды. Ал бүгін «жаңа» Ғылым академиясының халықаралық ынтымақтастыққа толыққанды кіріскені туралы хабарлағалы отырмыз.
Академия президенті Ақылбек Күрішбаев бұл Ғылым академиясы ғимаратында оның реконструкциясы аяқталғаннан кейінгі өтіп жатқан алғашқы халықаралық іс екенін атап өтті.
Жалпы, Қазақстан мен Германия ғылым саласында ұзақ уақыттан бері араласып келеді. Мысалы, биыл Қазақстан-неміс университетінің 25 жылдығы аталып өтілмек. Қазір басқа да қазақстандық жоғары оқу орындары неміс әріптестерімен қарым-қатынас орнатты. Бірақ, ғылыми-зерттеу орталығының презентациясында оның форматы қазіргі кездегі қазақстандық және неміс ғалымдарының серіктестігінен өзгеше болатыны айтылды.
«Орталықты құрудағы негізгі мақсат – білім беру емес, ғылыми ынтымақтастық. Біз бұл орталық жас ғалымдардың бірлесіп жұмыс жасайтын ортасын қалыптастырады деп үміттенеміз. Біз негізінен жас ғалымдарды қолдауға тырысамыз. Мақсатымыз – қазақстандық университеттердің неміс ғалымдарымен ынтымақтастығының негізін қалау», – деді Қазақстан-неміс университетінің президенті Волрад Роммель.
Дегенмен, қазақстандық тәжірибелі ғалымдар, атап айтқанда, профессор Болат Сұлтанов орталықтың қандай мақсатта қызмет ете алатынын айтты.
«Қазақстан үздік ақыл үшін әлемдік додаға қосылуы қажет. Бұл ретте шетелдік ғалымдарды ғана емес, сонымен қатар елден кетіп, шетелде жұмыс істеп жүрген қазақстандық ғалымдарды да тарту керек. Бірақ ол үшін тиісті жағдайлар жасау қажет», – деп есептейді Сұлтанов.
Шын мәнінде, қазақ-неміс ғылыми-зерттеу орталығы осындай жағдай жасауға көмектесуі керек. Бірақ Волрад Роммель презентацияда жаңа орталықтың бірден ауқымды болмайтынын түсіндірді. Оны кезең-кезеңімен дамыту көзделіп отыр. Бұл ғылым салаларына да, орталықтың географиясына да қатысты. Географиялық тұрғыдан алғанда бұл орталық алдымен Қазақстанды, содан кейін Орталық Азияны, одан әрі Еуропаны, содан кейін бүкіл әлемді қамтитын ғылыми желінің бастауы болуы тиіс.
«Өйткені ғылымда бүкіл әлемді қамтитын қиындықтар бар. Оларға қолданбалы шешімдер қажет. Мұндай шешімдерді іздеуге біз құратын орталық көмектесуі керек», – деді Роммель.
Бұл желінің орталығы Алматы болып қала береді. Сонымен қатар, Германияның Алматыдағы бас консулы Матиас Кислердің айтуынша, орталық аясындағы ынтымақтастық екі ел үшін тең дәрежеде болуы керек.
«Бұл «автокөлік» сияқты болуы керек, онда екі серіктес те жүргізуші орнында отырады», – деп дипломат метафорамен жеткізді.
Бұл орталықтың қолдайтын ғылыми бағыттардың саны бірнешеу. Орталықтың презентациясында биология, медицина, агротехнологиялар, әлеуметтік ғылымдар жайлы сөз болды. Әрине, Қазақстан үшін өте өзекті саналатын ғылым салалары: су пайдалану, жасыл энергетика сияқты экологиялық мәселелер де қаралды. ҚР Президенті жанындағы ҰҒА өкілдерінің айтуынша, болашақта атом энергетикасы саласында да ынтымақтастық орнату мүмкін. Жалпы, неміс делегациясының өкілдері атап өткендей, бұл орталық Қазақстандағы ғылыми ландшафтты жақсартуы тиіс.
Еске сала кетсек, 27 тамызында Алматы қаласындағы Ғылым ордасында - ҚР президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясының жаңадан сайланған академиктерін ресми таныстыру салтанаты өткен болатын. Orda.kz тілшісі сол жиынға қатысып, жиындағы әңгіме ауанын бақылап қайтқан болатын.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық