«Жаңа адамдар» жалған анықтама сатқан елордалық жеке клиниканы әшкереледі
• Фото: «Жаңа адамдар» видеосынан скриншот
Екі ай бойы AntiLIPA азаматтық кампаниясының белсенділері Астанадағы Қаныш Сәтпаев көшесі, 13/3 мекенжайында орналасқан Ayana Clinic жұмысын бақылаған, деп хабарлайды Orda.kz.
«Жаңа адамдар» бұл мекемеде медициналық жабдықтың мүлде жоқ екенін айтады — тек принтер, кассалық аппарат және мөрлер ғана бар. Олардың айтуынша, мұнда кез келген анықтаманы бірнеше минут ішінде — ешқандай талдаусыз, тексерусіз және дәрігердің қарауынсыз сатып алуға болады. Белсенділердің бірі интернеттен жүктелген флюорография анықтамасын сатып алған.
AntiLIPA өкілдері клиникаға зертханалық талдаулардан өткізуге тиіс 150 құты әкелген. Бұл әрекет Ayana Clinic қызметін уақытша тоқтатуға себеп болды.
«Мұндай клиникалар, авто мектептер, университеттер — анықтама, сертификат не диплом сатып алуға болатын орындар — мәселенің себебі емес, салдары. Біз бәріміз адал дәрігерлердің емдегенін, сауатты мұғалімдердің оқытқанын, сенімді жүргізушілердің көлік жүргізгенін қалаймыз. Бірақ өзімізге айла жасау мүмкіндігі туған кезде — көп жағдайда сол мүмкіндікті пайдаланамыз. Жаңа Қазақстан жалған құжаттармен құрылмайды. Тіпті халықты алдай салу оңай болса да, барлығы — адал таңдау жасаудан басталады», — дейді «Жаңа адамдар» қозғалысының белсендісі Даниил Львов.
Белсенділердің айтуынша, жалған анықтама — бұл жай ғана жүйені алдау емес, ол — адам өміріне тікелей қауіп. Мысалы, Ақтөбедегі көпсалалы балалар ауруханасында ашық түрдегі туберкулезі бар мейірбике жалған құжатпен жұмыс істеген.
Салдарынан 700-ден астам бала мен 55 қызметкер байланыста болғандар тізіміне енгізілді, себебі олардың жанында қауіпті жұқпалы ауруы бар адам жүрген.
Жаңалықтар
- Тоқаев Ербол Хамитовты Паралимпиададағы жеңісімен құттықтады
- «Көрісу» дәстүрінің тарихы
- Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын түсті
- Мемлекет басшысы Digital Qazaqstan жобасы бойынша кеңес өткізді
- Теңізде төтенше жағдай: Компания өрттің шығу себебін тексеріп жатыр
- Түркияның орталық бөлігінде магнитудасы 5,5 болатын жер сілкінісі болды
- Блогер Жанабыловтар отбасының ісі бойынша сот тыңдауы басталды
- 4 адам мерт болды: Иракта АҚШ-тың жанармай құятын әскери ұшағы құлады
- Снежанна Имашева отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болды
- Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары ауысты
- Қазақстан азаматтарына БАӘ-де 217 жылжымайтын мүлік тиесілі
- Референдум: Бүгін үгіт-насихат жұмыстары аяқталады
- Терезе алдындағы ішімдік бөтелкелері: Абай облысында прокуратура қызметкерлері сөгіс алды
- Тоқаев судьялар корпусында ауқымды кадрлық өзгеріс жасады
- Павлодарда бір жарым жастағы бала тазартқыш сұйықтық ішіп, мүгедек болып қалды
- Алматыда жоспарлы түрде жарық өшеді: Қай көшелерде?
- «Иран бұрынғыдай емес»: Нетаньяху соғыс басталғалы бергі алғашқы баспасөз мәслихатын өткізді
- Трамп соғыста «алдын ала жеңіп жатырмыз» деді. Алайда шығын шаш етектен
- Польшада жоғалған қазақстандық әйелдің мәйіті табылды
- Билік Қазақстан экономикасына 22,7 трлн инвестиция құйылғанын айтты