Жамбы атудан жеңімпаздар белгілі болды

cover Фото: world nomad games

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жамбы ату спортының мажар стилінен жеңімпаздары белгілі болды, деп хабарлады Orda.kz.

World nomad games нәтижелеріне қарасақ, жамбы ату нәтижесі бойынша Француз спортшысы Рафаэль Малет алғашқы алтын медальді жеңіп алды. Күміс жүлдені моңғолдық Алтануяг Нэргүй иеленді. Франция елінен Гаэтан Бло қоланы қанағат тұтты. 

Қазақстан Ұлттық құрамасының мүшесі Абзал Тұлыбеков үздік бестік қатарына енді.

Еске сала кетсек, Orda.kz Астанада өткен Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының салтанатты түрде ашылуы жайлы жазған болатын.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар