Жалғыз тастап ұшып кетті: 10 жастағы қазақ баласы 2 күн қараусыз қалды

cover Фото: Нейрожелі жасады

2024 жылдың 21 желтоқсанында Алматыдан Анталияға ұшатын КС 915 рейсімен футбол жиынына бара жатқан 10 жастағы бала Түркияда 2 күнге қалып қойды. Адвокат Данилхан Шағатаев оның ата-анасы балаға жеке алып жүру қызметін сатып алғанымен, Air Astana компаниясы бұл жауапкершілікті дұрыс орындамағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.

Түркияға келгеннен кейін бала төлқұжатының жоқ екенін байқаған. Бұл туралы Air Astana қызметкеріне хабарлағанымен, құжат табылмады. Салдарынан бала шекаралық бақылаудан өте алмай, арнайы депортация бөлмесіне жіберілді.

«21-23 желтоқсан аралығында әуежайдың транзиттік аймағында қалған балаға Air Astana өкілдері көмек көрсетпеді. Оған аудармашы, қорғаушы болмаса қарапайым қолдау да көрсетілмеді. Оны күтіп алушы тарап транзит аймағының қатаң ережелеріне байланысты көмек көрсете алмады. Ал бала шет тілдерін білмегендіктен, шекара қызметкерлері мен әуежай қызметкерлерінің сөздерін түсінбей, қатты қорқып, не істерін білмей отырды», — деді Данилхан Шағатаев. 

Баланың анасы онымен телефон арқылы сөйлескенімен, нақты көмек көрсете алмапты. Тек екі күннен кейін ғана Анталиядағы Қазақстанның Бас консулдығының көмегімен балаға уақытша құжат жасалып, елге қайтарылды.


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар