Жалған құжат жасаттым: Психикалық орталыққа қатысты сотта тың деректер айтылды
Коллаж: Orda.kz
Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандырылған сотында жалғызбасты зейнеткерлер мен психикалық ауытқулары бар адамдарды ұрлап, жылжымайтын мүліктерін иемденген қылмыстық топқа қатысты кезекті сот тыңдалымы өтті.
Orda.kz тілшісі осы шулы істің мәліметтеріне зер салып, саралап көрді.
Сот отырысы Ақсай-4 мекенжайында орналасқан пәтер бойынша куәгерлерден жауап алудан басталды.
«Айтматов Әлиақпар пәтер сатып алып, жөндеуден өткізіп, қайта сатуды ұсынды. Ақсай-4 пәтері маған рәсімделді, өйткені ағамның жұбайы ауылда болды. Біз Жандосов 16-да нотариусқа барып, рәсімдедік. Сатушы әйел кісі болды. Аты-Асыл, қазақ, қасында тағы бір әйел болды, оның аты-жөнін білмеймін. Біз пәтерді сатып алғаннан кейін, қайтадан сатамыз деп шештік. Пәтер шамамен 1-2 айдан кейін сатылды. Әлиақпармен бір ауылданбыз, сондықтан пәтердің маған ресімделгені қорқытпады», - деп жауап берді куәгер Сабидуллаев Джасур.
Пәтер иесі Айтматов Әлиақпардан жауап алынды:
«Правда –Жандосов көшелерінің қиылысында орналасқан үйімді риэлтордың көмегімен саттым. Пәтерімді сатқан кезде отбасымды Түркістанға жібердім. Пәтерім сатылғаннан кейін, риэлтор жаңа пәтер тауып берді. Жаңа пәтер шұғыл түрде және арзан бағаға сатылды. Үйді барып қарадық, асықтырғаннан кейін ремонтқа шамамен қанша кететінін сұрап та үлгермедім. Жандосов көшесіндегі нотариус Ерлан Сұлтанбековке бардық . Әйелім ауылда болғаннан кейін Джасурға рәсімдеймін деп шештім. Пәтерді жөндеймін дегенде төрт миллион теңге қажет және 1 айға созылар еді. Сондықтан, 21 млн-ға қайта сатуды шештім . Пәтер сатылғанда мен бармадым, кімге сатқанын білмеймін, сол нотариусқа қайта барып, сатыңдар дедім Джасурға», - дейді Әлиақпар.
Сот залына Губанова ісі бойынша сотталушы, жалған құжат жасатқан нотариус Миятовадан жауап алынды, нотариус өз кінәсін мойындады.
«Менің көмегіммен пәтер рәсімделді, жалған құжат жасадым. Мен Губанова эпизоды бойынша кінәмді толық мойындаймын. Гапарова пен Болтабоевтың ешқандай қатысы жоқ, тек Рашид екеуміз қатыстымыз. Қандай сома берілгені есімде жоқ, мен бәрін мойындаймын. Сатылған пәтердің ақшасы шығындарға жұмсалып, қалғаның Рашидпен бөліп алатынбыз», - деді ол.
Рашиддин де нотариустың сөзін қостап, ұйымдасқан қылмыстық топ басшыларына Гапарова мен Болтабоевқа ешқандай қатыстары жоқ екенін мәлімдеді.
«Александр мені Панковпен таныстырды. Маған қараусыз қалған үй туралы айтты, мен бірден Миятоваға хабарладым. Үйден түскен ақшаны Миятовамен, Панковамен бөлістік. ҚР ҚК 190 бабын толығымен мойындаймын», дейді Рашиддин
Губанова эпизоды бойынша, нотариус Миятова мен Рашиддин алаяқтық бойынша өз кінәләрін мойындап отыр. Болтабоев Губанова бөлігі бойынша ешкімді танымайтынын, ештеңені де мойындамайтынын хабарлады.
Келесі бөлім бойынша 5-ықшамауданында орналасқан пәтерге қатысты коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасының өкілі Сыпатаева Сайлагүл жауап берді.
«Бұл пәтерде диспансерлік есепте тұрған, аталған пәтердің иесі емес Даутова Гүлфия тұрды. Хаттамаға сәйкес Даутовтаның әпкесі Зульфия Даутова Хамиданың сенімхаты бойынша пәтерді сатып алды. 1957 жылы туған Сергей Юрьевич Ратниковтың атына 1992 жылғы жекешелендіру туралы келісім бар, ол пәтерді тіркеусіз сатты. Нотариус Туляковадан Грушинаға рәсімдеді, кейін пәтер сатылды. Қазір пәтер иесі Туляковадан сатып алған Тащева», дейді Сыпатаева.
Қылмыстық топтың басшысы Гапарованың мәліметінше, иесіз қалған пәтер туралы оған Семятов хабарлаған.
«2021 жылдың сәуірінде Семятов қоңырау шалып, кездесуді ұсынды. 5 шағын ауданда пәтер бар, иелері Ресейге кетті, пәтерді тіркейтін ешкім жоқ деп айтты. Менің бірдеудің атына тіркейтін ондай танысым жоқ еді, Болтабоевқа қоңырау шалдым, ол Тулякованы тауып , құжатын маған жіберді. Сенімхатты нотариус Амирова жазды. Құжаттарға ешқандай қатысым жоқ, жалған құжат жасатпадым», дейді Гапарова.
Еске сала кетейік, ұйымдасқан қылмыстық топ 10 жылға жуық уақыт бойы психикалық науқастарды жүйелі түрде ұрлап, оларды бас бостандығынан және мүлкінен айыру ісімен айналысып келген.
Жаңалықтар
- Қазақстан оқушылары көктемгі демалыста қанша күн демалады?
- Ақтөбеде екі ер адамның мәйіті табылды: «Маньяк» туралы ақпарат рас па?
- Тұрғындарды «референдумға тіркеу» сылтауымен алдап жатыр
- Таяу Шығыстан 10 мыңнан астам қазақстандық елге оралды
- Тоқаев: Әлемде соғыс қаупі күшейді, Қазақстан теңгерімді сыртқы саясат жүргізеді
- «Түптеп келгенде, мұның бәрі елдің ертеңі үшін жасалып жатыр»: Тоқаев референдум жайлы сөз қозғады
- Таразда 9-сынып оқушысын жеті қыз жабылып кастетпен ұрып кеткен
- Қазақ тілінің мәртебесі төмендеді деп байбалам салудың қажеті жоқ – Тоқаев
- Тоқаев қолданыстағы Конституцияны сынамауға шақырды
- Тоқаев: Бюджет қаражатына ғана иек артып отыратын «масылдықтан» арылу қажет
- Иранның Қазақстандағы елшісі — «Қазақстан үшін Ираннан ешқандай қауіп жоқ»
- «Крокус Сити Холл» теракті: Күдікті өмір бойына сотталды
- Атырауда алты сағат қызды қорлаған жігіт 30 тәулікке қамалды
- Енді электрлі самокаттарды да нөмір болуы міндеттеледі
- LRT жол жүру құны шамамен 200 теңге болуы мүмкін
- Алматыда қойма ғимаратынан өрт шықты
- Ирак жағалауында мұнай танкері жарылып, бір адам ажал құшты
- Үндістандағы балық базарында ірі өрт жүздеген лашықтың күлін көкке ұшырды
- Петропавлдық мұғалім Гиннестің рекордтар кітабына енді
- Заңсыз 185 млн теңге тапқан: Теміртауда криптоферма ашқан ер адам сотталды