Жаңа жылдан кейін ХҚКО-на адамдардың ағылып келуі қауіп тудырады

cover

Жыл басында қазақстандықтар құжаттарын қайта жасату үшін және жаңадан ЭЦҚ-ны алу үшін ХҚКО табалдырығын тоздыруда. Ал қызметкерлер болса қауіпті індет өршіп тұрғанда халықтың ағылуы жағдайды одан ары қиындатады деп қорқуда. ХҚКО азаматтарды үйде қашықтан алуға болатын қызмет түрлерін мекемеге келмей-ақ, өз беттерінше ала алатындығын еске салды. Халықты карантин шараларын ұмытпауға шақырды.

«Жыл сайын қаңтар айында әлеуметтік сала бойынша қызмет алушылар саны артады. Оның себебі, жыл басында олардың мәліметтері қайта жаңартылады. Азаматтардың көпшілігі жылдық есептерін тапсырады. Жыл сайын қаңтарда рәсімдеумен айналысқасын, көпшілігінің ЭСҚ мерзімі (бір жыл) де осы кезде бітетіні белгілі. Сондықтан, ЭСҚ алушылар да топты көбейтіп ХҚКО-да жүреді. Түптеп келгенде, ол қызметтерді ХҚКО-ға келмей-ақ, ЭСҚ-мен (электрондық сандық қолтаңба) үйде отырып алуға болады. ЭСҚ жоқ болса, оны да үйде отырып ашуға болады. Сондықтан, азаматтарды өзінің және жақындарының қамы үшін, қызметтерді онлайн алғандары жөн», - деп кеңес береді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Алматы қаласы филиалының PR-менеджері Жаңыл Әпетова. 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар