Зеленский Путинге Украина жерінің қандай бөліктерін беруге дайын ?
Фото: Wikimedia Commons
Украина президенті Ресеймен бейбітшілік орнату мақсатында мүмкін болатын аумақтарды беру мәселесін талқылауға әзір екенін айтты, деп хабарлайды Orda.kz.
The Telegraph мәліметі бойынша, 15 тамызда Аляскада Дональд Трамп пен Владимир Путин арасында жоспарланған келіссөздер алдында Владимир Зеленский ұстанымын жұмсартты.
Бұған дейін ол ешқандай аумақты бермейтінін айтқан болса, қазір оны қарастыруға дайын екенін жеткізді. Алайда Ресей қазіргі уақытта басып алған жерлерден артық аумақ алмауы тиіс деген шарт қойды.
«Владимир Зеленский еуропалық көшбасшыларға, егер Дональд Трамп ұсынған келісім Украинадан қосымша аумақ беруді талап етсе, оны қабылдамау керек екенін айтты. Алайда Ресей қазіргі басып алған жерлерінің бір бөлігін өзінде қалдыруы мүмкін» деп жазады The Telegraph батыс елдерінің келіссөзге қатысқан бір шенеунігіне сілтеме жасап.
Келісім майдан шебінде қақтығысты «тоқтату» және Ресейге Донецк, Луганск, Запорожье және Херсон облыстарының Ресей әскері бақылауында тұрған бөліктерін беру мүмкіндігін қарастыруы ықтимал. Сондай-ақ Қырым аннексиясын мойындау мәселесі де қарастырылуы мүмкін.
Еуропа көшбасшылары Трамп пен Путиннің алдағы келіссөздеріне алаңдаулы. Кремль Киевтің «толық капитуляциясын», оның ішінде Украинаның НАТО-ға кіруден бас тартуын талап етуді жалғастыруда. Ал Украина тек қауіпсіздік кепілдіктері бар елеулі бейбіт ұсынысты қабылдауға дайын.
Трамп бұған дейін Украина мен Ресей арасында аумақтарды «алмастыру» жөнінде келісуге тырысатынын мәлімдеген. Ол келіссөздің нәтижесін алдымен Владимир Зеленскийге, содан кейін ғана Еуропа Одағы көшбасшыларына хабарлайтынын айтты. ЕО өкілдері 13 тамыз сәрсенбі күні Трамппен кездесіп, екі жақтың келіссөздері алдында өз ұстанымдарын білдіруі тиіс.
«Киев қосымша аумақтан бас тарта алмайды, әсіресе Донецк облысының шығысында, өйткені бұл Ресей әскеріне 2014 жылы Донбаста соғыс басталғанда салынған қорғаныс шептерін айналып өтуге мүмкіндік береді» деп жазады The Telegraph.
Жаңалықтар
- «Аспаннан түскен байдың баласы емеспін»: Ерболат Жанабылов кінәсін ішінара мойындады
- Алдағы күндері Алматыда найзағай ойнап, Астанаға қар жауады
- Астанада өрттен үш бала опат болды: Құтқарушылардың жолын жапқан көлік жүргізушісі жазаланды
- ҰҚШҰ бас хатшысы Тоқаевқа алдағы жоспарын таныстырды
- Қазақстанның Корея мен Мьянмадағы елшілері тағайындалды
- Иранда өлім жазасына кесілгендер саны күрт артты
- Коронавирустың балаларға тез жұғатын жаңа штаммы пайда болды
- Венгрияда 16 жылдық билік құлады: Орбан неге жеңілді?
- Тоқаев Низар Амидиді Ирак Республикасының президенті болып сайлануымен құттықтады
- Бішкекте ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары Даниэль Рысалиев ұсталды
- Бектенов көлік-транзиттік әлеуетті дамыту жөнінде жиын өткізді: Көлік министрлігі сынның астында қалды
- Шымкентте өткен автофестивальда әзілкешті көлік қағып кетті
- Қалжалау дәстүрі: Қырық күн күтімнің жаңа форматы қандай?
- Яна Легкодимованы өлтіргендер әлі ұстау изоляторында: Этаптау үшін ұлттық ұланның арнайы қарауылы сұралған
- Қостанайда қайғылы жол апатынан 4 адам ажал құшты
- Астанада жыл басынан бері жол ережесін 61 рет бұзған BMW жүргізушісі ұсталды
- ҚМА: 78 жәбірленуші қаржы пирамидасына 110 млн теңге салған
- Державалардың таласы басталып кетті. Айға ұшудың мәні неде?
- Қаражат жинауға, мейрамханаға баруға тыйым салынады: Оқу-ағарту министрлігінің бітіру кешіне қатысты мәлімдемесі
- Шымкентте шетелдіктердің елге заңсыз кіруіне жағдай жасағандар ұсталды