Зеленский пайдалы қазбалар бойынша келісімге қол қоймады
Фото: Владимир Зеленскидің арнасы
АҚШ Конгресінің делегациясы Мюнхен қауіпсіздік конференциясы барысында Украинаның минералдық ресурстарының 50 пайызына құқықты АҚШ-қа беру туралы келісімге қол қоюды ұсынды. Владимир Зеленский «сыпайы түрде бас тартты» деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы The Washington Post тілшісі Джош Рогин өз дереккөзіне сілтеме жасап хабарлады.
Украина делегациясының екі мүшесі Reuters агенттігіне келісімнің «кейбір тұстары» әлі пысықталатынын айтты. Сондай-ақ Зеленский «өзі оқып үлгермеген нәрсеге қол қоюды негізсіз сұрап жатқанын» жеткізді.
Басылым бұл меморандум Киевтің Дональд Трамптың қолдауына ие болу талпыныстары үшін маңызды екенін атап: «Тосқауылдың қайда жасырынғаны әлі белгісіз, бірақ Украина Еуропа мен АҚШ-тан болашақта оны Ресейден қорғайтын сенімді қауіпсіздік кепілдігін алуды талап етуде» деп жазады басылым.
Украина президенті өзінің тelegram-арнасында былай деп жазды:
«Біздің команда құжатпен жұмысты жалғастырады. Біз көптеген негізгі мәселелерді қарастырдық және Украинадағы генерал Келлогты одан әрі кездесулер мен жергілікті жердегі жағдайды тереңірек бағалау үшін күтеміз. Біз шынайы және кепілдендірілген бейбітшілікке барынша жылдам көшуге дайынбыз».
Ол қандай құжат туралы айтып жатқанын нақтыламады.
Еске салайық, Дональд Трамп Украинаға сирек металдарын АҚШ-тың көмегіне айырбастауды ұсынған болатын. Атап айтқанда, біз титан, уран және литий туралы айтып отырмыз. Сирек металдарды игеру бойынша әріптестік туралы меморандум жобасын 12 ақпанда Киевке АҚШ қаржы министрі Скотт Бессен берді. Украина өз кезегінде жобаны Украина Конституциясына сәйкес пысықтап, америкалық тарапқа тапсырды.
Жаңалықтар
- Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, сынға қалды
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?
- Рудныйда аулада ойнап жүрген баланы көлік қағып мерт қылды
- Көкпардан әлем чемпионаты 15–21 наурыз аралығында Түркістанда өтеді
- Қазақстан өз азаматтарын эвакуациялай бастады: Шиеленіс аймағынан 467 адам шықты
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды