Зейнетақы қорынан ақша жымқырған үш күдіктінің бірі ұсталды
Фото: Orda.kz
Қаржы мониторингі агенттігі БЖЗҚ қаражатын жалған стоматологиялық клиникалар арқылы жымқыруды ұйымдастырды деген күдікке ілінген үш адамның бірі Аслан Дүйсеновті ұстады. Ер адам Ресей шекарасында қолға түскен, деп хабарлайды Orda.kz.
Аслан Дүйсенов өзіне тиесілі стоматология жұмыс істеп тұрғанын айтып, әлеуметтік желіде видео жариялаған болатын. Журналистер кәсіпкердің өзі бейнеүндеу жариялап, көпшілікке ашық мәлімдеме жасағанына қарамастан, ҚМА не себепті оған іздеу жариялағанын анықтауға тырысты. Аслан Дүйсенов өз кінәсін мойындамайды.
«Біріншіден, оның процессуалдық статусы күдікті. Оған сырттай айып тағылып, сот қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын бекітті. Осыған байланысты іздеу жарияланды. Қазіргі уақытта күдікті ұсталып, сот санкцияны растады. Тергеу барысында оның төрт клиника ашуға қатысы бары толық дәлелденді және заңсыз әрекетпен алынған қаржылардың қанша екені де анықталды», — деп жауап берді Жеңіс Елемесов.
Дуйсенов бұрын полицей болған. 2016 жылы ол ауыр қылмыстары үшін бес жылға сотталған. Қазір алаяқтыққа қатысы бар деп айыпталды. Іс бойынша 50 адам, соның ішінде клиника жетекшілері, есепшілер, делдалдар мен басқа да қызметкерлер бар.
Сот Дуйсеновті қамау туралы шешім шығарды. Қазіргі уақытта ол қамауда.
Алайда нақты кімнің ұсталғанын Елемесовтің өзі айтпады. Оның айтуынша, қалған екі күдікті елден шығып кеткен болуы мүмкін. Олар қайтып оралған кезде ұсталады деп жоспарланып отыр. Іздеуде жүргендер: Аслан Дүйсенов, Ғаббас Иманбаев, Есімхан Елешев.
Олар БЖЗҚ-дан 46 млрд теңгені заңсыз шығарды деген күдікке ілінді.
Жаңалықтар
- Тоқаев Ербол Хамитовты Паралимпиададағы жеңісімен құттықтады
- «Көрісу» дәстүрінің тарихы
- Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын түсті
- Мемлекет басшысы Digital Qazaqstan жобасы бойынша кеңес өткізді
- Теңізде төтенше жағдай: Компания өрттің шығу себебін тексеріп жатыр
- Түркияның орталық бөлігінде магнитудасы 5,5 болатын жер сілкінісі болды
- Блогер Жанабыловтар отбасының ісі бойынша сот тыңдауы басталды
- 4 адам мерт болды: Иракта АҚШ-тың жанармай құятын әскери ұшағы құлады
- Снежанна Имашева отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болды
- Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары ауысты
- Қазақстан азаматтарына БАӘ-де 217 жылжымайтын мүлік тиесілі
- Референдум: Бүгін үгіт-насихат жұмыстары аяқталады
- Терезе алдындағы ішімдік бөтелкелері: Абай облысында прокуратура қызметкерлері сөгіс алды
- Тоқаев судьялар корпусында ауқымды кадрлық өзгеріс жасады
- Павлодарда бір жарым жастағы бала тазартқыш сұйықтық ішіп, мүгедек болып қалды
- Алматыда жоспарлы түрде жарық өшеді: Қай көшелерде?
- «Иран бұрынғыдай емес»: Нетаньяху соғыс басталғалы бергі алғашқы баспасөз мәслихатын өткізді
- Трамп соғыста «алдын ала жеңіп жатырмыз» деді. Алайда шығын шаш етектен
- Польшада жоғалған қазақстандық әйелдің мәйіті табылды
- Билік Қазақстан экономикасына 22,7 трлн инвестиция құйылғанын айтты