Өзбекстан Түркістанда жоғалып кеткен туристерді іздестіріп жатыр

cover Фото: ТЖМ

Өзбекстан Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары Өзбекстаннан Угам өзені бойымен Чарвак су қоймасына құятын жерге дейінгі шекара аймағын тексеріп жатыр.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

Сайрам-Өгем шатқалында жоғалып кеткен екі туристті іздеу жұмыстары жалғасуда. Іздеу жұмыстарына таулы жер бедері мен өзендердің қатты ағыны қиындық туғызуда.

Осы күнге дейін іздеулер 350 шақырымнан асатын тау шатқалдарында жүргізілді. Ұшқышсыз ұшатын аппараттарды қолдану арқылы жалпы аумағы шамамен 170 шақырым аралық зерттелді. Аэровизуалды ұшулар «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшақтары арқылы жасалды, олардың ұзындығы 2000 шқ-дан асады.

Іздестіру-құтқару жұмыстарына 218 адам, 32 бірлік техника, ТЖМ, Түркістан облысының ПД, жергілікті атқарушы органдар, ҰҚК шекара қызметі, Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұланы 3 пилотсыз ұшу құралдары жұмылдырылды.

Еске салсақ, Төлеби облысының Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында жеті адамның жоғалып кеткені туралы хабарлама 112 басқару пультіне 2021 жылы 25 мамырда сағат 18:30-да түскен. 21 мамырда туристер Сары-Айғыр шатқалына жаяу көтеріліп, 24 мамырда оралуы керек болатын. 28 мамырда үш турист табылды. 29 мамырда жоғалған екі адамның мәйіті табылды.

Қазіргі таңда 2 турист іздестіріліп жатыр.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар