«Зардап шеккендер бар»: 245 жолаушысы бар ұшақ кенет төменге құлдилаған

cover Фото: Видеодан кадр

Нигерияның Лагос қаласынан Вашингтонға бағыт алған Boeing 787-8 Dreamliner ұшағында төтенше жағдай болды, деп хабарлайды Orda.kz. 

Бортта 245 жолаушы, 8 стюардесса және 3 ұшқыш болған. 38 жолаушы зардап шекті.

 Мәліметтерге сүйенсек, ұшақ жоғары көтерілгеннен кейін шамамен 93 минут өткенде кенеттен биіктен төменге құлдырай бастаған. Ұшақ төмендегенге дейін жолаушыларға қатты соққыны сезген. Олар ұшақтың үш рет күрт төмендегенін айтады.

Нигерияның федералды әуежайлар басқармасының мәліметінше, ұшқыш сағат 01:20-да қауіп туралы белгі беріп, апаттық қону жариялаған. Кейін ұшақ сағат 03:22-де Лагосқа оралып, Муртала Мұхаммед халықаралық әуежайына аман-есен қонды. 

Ұшақтың апатты жағдайда қонғаны белгілі, бірақ себебі айтылмады. 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар