Үндістандағы балық базарында ірі өрт жүздеген лашықтың күлін көкке ұшырды

cover Фото: Бейнеден кадр

Дели қаласының Матиал ауданында орналасқан балық базарында ірі өрт шықты. Нәтижесінде 400-ге жуық лашық үй жанып кетті. Қазіргі уақытта зардап шеккендер туралы ресми ақпарат жоқ, деп хабарлайды Orda.kz Hindustan Times сайтына сілтеме жасап. 

Өрт түнгі сағат 23:55 шамасында басталған. Оқиға орнына дереу 23 өрт сөндіру көлігі жіберілген. Құтқарушылар базар аумағы мен жақын орналасқан үйлерді өрттен сақтап қалуға тырысты.

Бірақ ғимараттар жалынға оранып, өрт ауқымы бірден көңейіп кеткен. Полиция мен өрт қызметі қазіргі уақытта бірнеше дүкен мен жақын маңдағы лашықтардың өртке оранғанын хабарлады.

India TV ақпаратынша, базар Уттам Нагар атты халық тығыз қоныстанған ауданда орналасқан. Бұл өрт мыңдаған адамға қауіп төндіргені болжануда.

Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Құтқарушылар мен жергілікті билік тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіріп, өртті толық ауыздықтау жұмыстарын жалғастыруда.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар