Вакциналау паспортын сатып алуға бола ма?

cover

Жақында БАҚ-та «вакциналаудан өткені туралы электронды паспорттарды сату жөніндегі жаңа бизнес» туралы ақпарат пайда болды. Тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Бұл туралы Orda.kz қоғамдық денсаулық басқармасына сілтеме жасап хабарлады.

Қоғамдық денсаулық басқармасында материал жарыққа шыққаннан бастап тергеу амалдары жүргізіліп жатқаны туралы айтылды. Сондай-ақ, күмәнді бизнес қылмыстық сипатқа ие және заң жүзінде жауапкершілікке тартылатыны ескертілді.

Әлі екпе алған туралы электронды паспорттың сатылғаны туралы факт дәлелденбеді.

Қазір барлық медициналық ұйымдар мен ӨКЭА-ның ақпараттық жүйелері мен мәліметтер базасы тексеріліп жатыр.

Ақпарат расталған жағдайда, заңға сай шаралар қолдану үшін құқық қорғау органдарына беріледі.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар