Ұшақта қаза болғандардың отбасына төлемақы беріледі

cover Фото: Orda.kz

Қанат Бозымбаев ай сайын әр отбасына 500 мың теңгеден аса берілетіндігін айтты, деп хабарлайды Orda.kz.

Премьер министрдің орынбасары Бозымбаевтың айтуынша біржолғы көмек - 5 млн теңге. 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ақмәди Сарбасовтың айтуныша жергілікті құрылым желісі бойынша біз демеушілермен, жұмыс берушілермен өзара іс-қимыл жасаймыз.

«Әрине, біржолғы көмек көрсетіледі. Қазіргі уақытта мөлшері анықталуда. Кепілдендірілген мемлекеттік төлемдерге келетін болсақ, республикалық бюджет желісі әрбір отбасы бойынша тиісті төлем жүзеге асырылатын болады. Асыраушысынан айырылу бойынша 138 мың теңге көлемінде көмек көрсетіледі. МӘСҚ желісі бойынша 257 мың теңге», деді Сарбасов.


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар