Ұшақ апатынан зардап шеккен екі адамның жеке басы әлі анықталмады

cover Фото: Видеодан алынған кадр

Ұшақ апатынан аман қалған екі адамның жеке басы әлі белгісіз, деп хабарлайды Orda.kz. 

Ауруханада Orda.kz тілшісі зардап шеккендердің бірінен сұхбат алуға тырысты. Бірақ медициналық мекеме қызметкерлері оған қарсы болды және видео түсіруге кедергі келтірді.

Бұл жерде премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев та жүр. Ол апатқа ұшырағандардың жағдайы бірқалыпты екенін мәлімдеді. 

«Ең бастысы, адамдар аман қалды. Зардап шеккендердің бәріне қажетті көмек көрсетіледі. Бұл жерде Қазақстанның мықты дәрігерлері жүр, арнайы бригада Астанадан келді», - деді Бозымбаев.

Дәрігерлер ұшақ апатынан ауруханаға жеткізілген науқастардың жағдайы туралы баяндады.

«Реанимацияда 11 адам жатыр, олардың сегізі ес-түссіз. Әзірбайжанның 13 азаматы және Ресейдің тоғыз азаматы ауруханаға жатқызылды. Екі пациенттің жеке басы әлі анықталған жоқ, өйткені олар ес-түссіз жатыр», - деді дәрігерлер.


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар