Ұлытау облысы экология департаментіндегі жемқорлық: басшы мен орынбасар ұсталды

cover Фото: freepik.com

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Бекайдаров брифинг барысында экология саласында пара алды деген күдікпен ұсталған шенеуніктер туралы деректер ұсынды, деп хадарлайды Orda.kz. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ұлытау облысы экология департаментінің басшысына, оның орынбасарына және екі кәсіпкерге қатысты парақорлық фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. 

«Лауазымды тұлғалар экология саласындағы рұқсат құжаттарын бергені үшін кәсіпкерлерден 7,2 млн теңге пара алған. Айыпталушылар сот алдында жауап береді», - деді агенттіктің ресми өкілі Данияр Бекайдаров.


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар