Ұлттық банк Жошы ұлысының 800 жылдығына арнайы монеталар шығармақ

cover Фото: Ұлттық банк

Қазақстан Ұлттық банкі Жошы ұлысының 800 жылдығына арналған ерекше коллекциялық монеталарды шығармақ, деп хабарлады Orda.kz.

 «Айрықша оқиғалар мен тұлғалар» сериясына енген монеталар 5000, 2000, 1000 және 200 теңге номиналында, күміс 925/1000 және мельхиордан жасалған.

Монеталардың дизайнын Қазақстандық мүсінші Ғазиз Ешкенов жасаған.

Онда хан Жошының ескерткіші бейнеленген. Артқы жағында Алтын Орда кезеңі монеталарының коллажы көрсетілді.

 Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошы Монғол империясын кеңейтіп, беделді хан бола білді. Биыл Қазақстан Жошы ұлысының 800 жылдығын атап өтіп жатыр. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтқан болатын.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар