ҰҚШҰ бас хатшысы Тоқаевқа алдағы жоспарын таныстырды

cover Фото: Ақорда

Президент ҰҚШҰ бас хатшысы Таалатбек Масадықовты қабылдады, деп хабарлайды Orda.kz. 

Таалатбек Масадықов Қасым-Жомарт Тоқаевқа ҰҚШҰ бас хатшысы лауазымындағы жоспарын таныстырды. Кездесу барысында ұйым қызметінің негізгі бағыттары бойынша, соның ішінде тұрақты жұмыс органдарының міндеттеріне қатысты көптеген мәселе талқыланды.

Мемлекет басшысы ұйымды одан әрі дамытуға арналған бірқатар ұсынысын айтты. Сонымен қатар, Қазақстан тарапы ҰҚШҰ аясындағы ынтымақтастықты нығайтуға дайын екенін мәлімдеді. 

Айта кетейік, биылдан бастап ҰҚШҰ-ның бас хатшысы қызметін Қырғызстанның өкілі Таалатбек Масадықов атқарып келеді. Ол Иманғали Тасмағамбетовтің орнына келді.

Оқи отырыңыз:


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар