Украинаның Қазақстандағы бұрынғы елшісіне іздеу жарияланды

cover Фото: Ашық дереккөзден

Ресей Украинаның Қазақстандағы өкілетті елшісі Петр Врублевскийге іздеу жариялады, деп хабарлайды Orda.kz порталы  ТАСС  агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Оны өшпенділік туғызатын сөздері үшін қылмыстық іс аясында қамамақшы.

«Алдын ала тергеу органы РФ Қылмыстық кодексінің 282-бабы 2-бөлігінің «а» тармағында көзделген қылмысты жасады деп сырттай айыпталған Петр Юрьевич Врублевскийге қатысты қылмыстық істі тергеу аясында (өшпенділік тудыру немесе араздық, сондай-ақ адамдық қадiр-қасиетiн қорлау) украин дипломатын федералдық, содан кейiн халықаралық іздеуге беру туралы қаулы шығарды. Бұдан басқа, Мәскеу соты Украина азаматы Врублевскийге РФ аумағына экстрадицияланған кезден бастап немесе айыпталушыны РФ аумағында ұстау сәтінен кейінгі кезеңді есептей отырып, екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдау туралы тергеудің өтінішін қанағаттандырды», - деді агенттікке соттағы ақпарат көзі.

Ресей Қылмыстық кодексінің бұл бабының санкциясы алты жылға дейін бас бостандығынан айыру.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар