Украинаның Қазақстандағы бұрынғы елшісі халықаралық іздеуге жарияланды

cover Фото: Sputnik/ Пётр Толочко

Петр Врублевский Ресейде сырттай қамауға кесілді. Оған өшпенділік немесе араздық тудырды деген айып тағылып отыр.

ТАСС құқық қорғау органдарына сілтеме жасап хабарлағандай, дипломат федералды және халықаралық іздеуде болды.

Мәскеудің Басман аудандық соты Украинаның Қазақстандағы бұрынғы елшісі Петр Врублевскийдің ресейліктерге қатысты дөрекі сөздерінен кейін қозғалған қылмыстық іс аясында оны сырттай қамауға алуға рұқсат берді.

«Мәскеу соты тергеудің Украина азаматы Врублевскийді Ресей аумағына экстрадициялау сәтінен бастап немесе айыпталушының Ресей аумағында ұсталған кезінен бастап екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдау туралы өтінішін қанағаттандырды» деп түсіндірді агенттік.

2022 жылы Врублевский дипломатиялық принциптерді елемей, орыстарға қарсы дөрекі сөйлегеннен кейін жанжалдың ортасында қалды. Одан кейін Ресей Сыртқы істер министрлігінен бірден реакция келіп, мұндай жағдайға жол беруге болмайтынын, Қазақстан тарапы шара қолдануы керектігін мәлімдеді.

Врублевскийді сыртқы істер министрлігіне шақырылды. Біраз уақыттан кейін елші өз сөздері үшін кешірім сұрады. Алайда Кремль Врублевскийдің дипломатиялық миссия өкілдігін жалғастыра бергеніне наразылық білдірді. Осыдан кейін онымен сыртқы істер министрінің орынбасары Ермұхамет Қонуспаев кездесті. Елшіге наразылық білдіріліп, кейін ол қызметінен шеттетілді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар