«Украина депутаты Фарионның өлімі»: 18 жасар күдікті ұсталды

cover Фото: instagram / Ирина Фарион

Днепрде Украинаның Жоғарғы Радасының бұрынғы депутаты Ирина Фарионды өлтірді деген күдікпен 18 жастағы жас жігіт ұсталды.

Бұл туралы Украина ІІМ басшысы Игорь Клименко ел президенті Владимир Зеленскийге хабарлады.

 Президенттің айтуынша, күдіктіні ұстау операциясы «өте қиын» болды.

«Бұл күндері кісі өлтіру қылмысын ашуға Украинаның Ұлттық полициясы, СБУ және басқа да қызметтердің жүздеген мамандары жұмыс істеді», — деді Зеленский.

Ирина Фарион 19 шілде күні кешке Львовта басына оқ тиіп жараланған. Ол ауруханаға жеткізілгенімен, көп ұзамай қайтыс болды. Бұрынғы депутат мәлімдеме жасап, БАҚ назарын жиі аударған болатын.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар