ҰҚК заңсыз контрабандамен айналысты деген 18 шетелдікті ұстады
Фото: ҰҚК мұрағатынан
Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті наурыз айында алтын құрамды құм мен «синтетикалық» есірткі жасауға арналған шикізат контрабандасын тоқтатты, деп хабарлайды Orda.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеп.
«ҰҚК Шекара қызметі наурыз айында заңсыз көші-қонға, контрабандаға және мемлекеттік шекара арқылы есірткі таратуға қарсы бірқатар іс-шаралар жүргізді. Мәселен, Ақтөбе облысында жүк көлігінің тіркемесінде жасырын түрде өткізу пунктінен өтпек болған он сегіз шетелдік анықталды. Солтүстік Қазақстан облысында «синтетикалық есірткілер» өндіруге арналған көлемі 5100 литр болатын прекурсорлардың ірі партиясы табылды» деп жазылған хабарламада.
Хабарламада атап өтілгендей, жыл басынан бері жалпы көлемі 9620 литр химиялық заттардың («тұз қышқылы», «ацетон», «фениппентан») және 1000 келі «бромкетон-4» тасымалының жолы кесілген. Осы шаралардың нәтижесінде аталған прекурсорлардың түпкі алушылары анықталып, есірткі зертханалары жойылды.
«Сонымен қатар, Жамбыл облысында шекарашылар шетелге жалпы құны 1 млрд теңге болатын 160 тонна кен мен бағалы металдар концентраттарын (алтын құрамды құм) заңсыз шығарудың жолын кесті. Аталған фактілер бойынша материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін тиісті органдарға жолданды» деп жазылған хабарламада.
Оқи отырыңыз:
- «8 келі синтетикалық есірткі алған сәтінде ұсталды». ҰҚК халықаралық есірткі контрабандасы арнасын жойды
- Иран АҚШ шарттарын қабылдамаса Трамп елді «тозаққа айналдырмақшы»
- Ораза айттың қазақ дәстүріндегі орны мен мәні
Жаңалықтар
- Су бетін жапқан өлі балық: БҚО-дағы су айдынында балықтар жаппай қырылды
- Ақтөбеде жүкті әйелді ауруханаға апара жатқан жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырады
- Тегеран бес елдің кемелеріне Ормуз бұғазы арқылы өтуге рұқсат берді
- ҰҚК заңсыз контрабандамен айналысты деген 18 шетелдікті ұстады
- Ақтөбе облысында 99 жасөспірім қыз жүкті болды
- Алматыда мереке кезінде бес мыңнан астам адам жол ережесін бұзған
- Тоқаев Қазақстан мен Бангладеш арасындағы достық қатынас дами беретініне сенім білдірді
- Трамп сенбіге дейін соғысты тоқтатуы мүмкін — Израильдік БАҚ
- БҚО-да тағы бір дрон құлады
- Иран АҚШ шарттарын қабылдамаса Трамп елді «тозаққа айналдырмақшы»
- Иран соғысты тоқтатудың 5 шартын атады
- Сайлаудан жалтаруда: Нетаньяху мерзімінен бұрын бюджетті бекітуге ниетті
- Тұрғын үйдегі жарылыс: Шахтинскідегі апаттан аман қалғандардың жағдайы қалай?
- Алматыда ұялы телефондар дүкеніне ұрлыққа түскен күдікті ұсталды
- Телефонға алаңдап, қарсы жолаққа шығып кеткен: Алматыда көлік аударылды
- Украина дрон шабуылынан кейін Ресейдің Усть-Луга портында өрт шықты
- Нұрлан Байбазаров Тоқаевтың көмекшісі болып тағайындалды
- Ерболат Досаев президент әкімшілігіндегі қызметінен босатылды
- Жаңбырдан кейін көліктерді лай басты: Атырау тұрғындары «лас жауынға» шағымдануда
- Атырауда жасөспірім биіктіктен құлап кетті