Қуат Хамитов қарсыласын 1 минутқа жеткізбей нокаутқа түсірді (видео)

cover Қуат Хамитов

22 қаңтар түнде қазақстандық файтер Қуат Хамитов Магнитогорскте (Ресей) өткен аралас жекпе-жек турнирінде ресейлік Максим Пантелеевті бір минутқа жеткізбей нокаутқа түсірді.

Жекпе-жек бастала сала бірнеше соққысын дөп тигізген Хамитов бірінші раундтың бірінші минуты аяқталуға шақ қалғанда қарсыласын оң қолмен ұрып құлатып тастады. Сол соққыдан кейін Пентеллеев басы мен бетін қолымен қорғаштап, отырып қалды. Осы кезде Хамитов тағы да соққылай бастаған еді, бірақ төреші жекпе-жекті тоқтатып, жеңісті қазақстандық спортшыға берді.

https://youtu.be/EbdqkUIMxvg

Хамитов негізі бұл турнирде ресейлік басқа файтер - Алексей Ильенкоға қарсы жекпе-жек өткізуге тиіс еді. Бірақ ол жарақат алып, жекпе-жекке шығудан бас тартты.

Бұл - 32 жастағы Қуат Хамитовтың аралас жекпе-жектегі 20-жеңісі. Ол осы уақытқа дейін 28 кездесу өткізіп, оның жетеуінде қарсыласына есе жіберген, бір рет тең түскен.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар