ТЖД Алматыдағы ірі өрттің жай-жапсарын мәлімдеді
Сурет: Алматы ТЖД баспасөз қызметі
Алматылық өрт сөндірушілер Бостандық ауданындағы жұмыс істемейтін моншада тұтанған ірі өртті ауыздықтап, өрттің жақын маңдағы үйлерге таралуына жол бермеді, деп хабарлайды Оrda.kz.
Ведомствоның мәліметінше, 2 қыркүйек күні түнгі сағат 23:13-те «Нұрлытау» шағын ауданында болған өртке жоғары дәрежедегі өрт сөндіру бөлімшелері жіберілді.
«Өрт орнына жеткен кезде монша кешені аумағында салынып жатқан екі қабатты ағаш үйдің лаулап жанып жатқаны анықталды. Өрт аумағы 600 шаршы метр болады. Ғимарат опырылып түсті. Небәрі бірнеше метр жерде қамыспен қапталған екі ғимарат болды. Өрттің екі тұрғын үйге таралу қаупі төнді. Жоғарғы температура салдарынан жақын тұрған көпқабатты үйдің екінші және үшінші қабаттарының сыртқы қаптамалары ери бастады», - деп хабарлады Алматы қалалық ТЖД.
Оқиға орнына штабтың барлық дерлік қызметкерлері жетті, екі өрт сөндіру орны құрылды, көрші үйлерді қоршап, қорғау үшін оқпандар енгізілді.
«Өртті сөндіру аумақтағы су қорының «таяз» болуынан да қиындай түсті. Алайда барлау барысында өрт сөндірушілер гидранттарға айнымалы ток орнатып, сол арқылы судың үздіксіз берілуін қамтамасыз етті. Сонымен қатар, «Алматы Су» мекемесінің суару техникасы іске тартылды», - деп нақтылды департамент.
Өрт 00:27-де оқшауланып, 01:20-да жойылды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.
«Дер кезінде қабылданған шаралар арқылы өрт сөндірушілер кешеннің едәуір бөлігін: қамыспен қапталған екі ғимарат, бір қабатты ағаш ғимарат, екі тұрғын үй, оның бірі көпқабатты үй, сонымен қатар ішінде автокөліктері бар гараждар тізбегін өрттен қорғап қалды», - деп қорытындылады қалалық төтенше жағдайлар департаменті.
Жаңалықтар
- Тоқаев Ербол Хамитовты Паралимпиададағы жеңісімен құттықтады
- «Көрісу» дәстүрінің тарихы
- Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын түсті
- Мемлекет басшысы Digital Qazaqstan жобасы бойынша кеңес өткізді
- Теңізде төтенше жағдай: Компания өрттің шығу себебін тексеріп жатыр
- Түркияның орталық бөлігінде магнитудасы 5,5 болатын жер сілкінісі болды
- Блогер Жанабыловтар отбасының ісі бойынша сот тыңдауы басталды
- 4 адам мерт болды: Иракта АҚШ-тың жанармай құятын әскери ұшағы құлады
- Снежанна Имашева отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болды
- Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары ауысты
- Қазақстан азаматтарына БАӘ-де 217 жылжымайтын мүлік тиесілі
- Референдум: Бүгін үгіт-насихат жұмыстары аяқталады
- Терезе алдындағы ішімдік бөтелкелері: Абай облысында прокуратура қызметкерлері сөгіс алды
- Тоқаев судьялар корпусында ауқымды кадрлық өзгеріс жасады
- Павлодарда бір жарым жастағы бала тазартқыш сұйықтық ішіп, мүгедек болып қалды
- Алматыда жоспарлы түрде жарық өшеді: Қай көшелерде?
- «Иран бұрынғыдай емес»: Нетаньяху соғыс басталғалы бергі алғашқы баспасөз мәслихатын өткізді
- Трамп соғыста «алдын ала жеңіп жатырмыз» деді. Алайда шығын шаш етектен
- Польшада жоғалған қазақстандық әйелдің мәйіті табылды
- Билік Қазақстан экономикасына 22,7 трлн инвестиция құйылғанын айтты