ҚТЖ осы жазда Әлия Назарбаеваның компаниясымен келісімшартты бұзады
ҚТЖ осы жазда Әлия Назарбаеваның компаниясымен келісімшартты бұзады. Алдымен жаңа үлгілік келісім-шарт келісіледі. Содан кейін ол бекіту үшін «орналастырылады». Артынша «Самұрық-Қазына» қорының сатып алу ережелеріне сәйкес ашық тендер өткізіледі.
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Orda.kz тілшісінің сауалына жауап берген «Жолаушылар тасымалы» АҚ сату және тұтынушылармен жұмыс жөніндегі директоры Ерлан Жимайлов келісім-шартты бұзу бойынша ақпан айынан бері жұмыс жүргізіліп жатқанын - 18 мамырда келісімге қол жеткізілгенін айтты.
Бірақ ҚТЖ әсіресе жазда билет сату жүйесін бұзбау үшін «Instant Payments» ЖШС-мен жұмысын жалғастыра береді.
Кәсіпорын ашық тендерге жаңа үлгілік келісімшарт пен құжаттаманы дайындап қойған.
«Келісім жасалғаннан кейін жаңа келісім-шарт бекітіледі және 45 күн бойы ол сайтта «ілулі» тұрады. Сонда адамдар тендерге қатысуға өтінім береді. Осы жаздың соңына дейін бір жерде тендер өткізуді жоспарлап отырмыз» деп түйіндеді Жимайлов.
Ақпан айында Orda.kz редакциясы «ҚТЖ» АҚ Әлия Назарбаеваға тиесілі Instant Payments LLP аутсорсингтік компаниясымен келісім жасасқанын жазған. Ол билеттерді сату процесінің тиімділігін арттыру мақсатында жасалды. Нәтижесінде, компания жол жүру билеттерін беру және фискалдық компьютерлік жүйені жүргізу бойынша барлық процедураларға жауапкершілік алды.
Жаңалықтар
- Қытай вице-премьері Қазақстанға келеді
- Түрмедегі белсенді Әйгерім Тілеужанның қан қысымы жоғарылап, оң жақ беті жансыздана бастаған
- Қысқа дайындық басталды: үкімет жылу электр орталықтарын жөндеуге ақша бөлуді көздеп отыр
- Журналистер VS Сәтқалиев. Шын мәнінде кім кінәлі?
- Ахметжан Есімовтің қызы қазақстандық олигархтар қатарына қосылды
- Самара-Шымкент тас жолындағы апаттан депутат қаза тапты
- Премьер-министр құрғақ есептері үшін әкімдерді сынады
- Энергетика министрлігі журналист Әділбековтің жазбасынан кейін ішкі аудитті бастады
- Қазақстандық дипломат әйелін ұрды: полиция қылмыстық іс қозғады
- Алатау қаласының әкімі тағайындалды
- Алматыда полицейлер күшейтілген режимге көшті
- Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне жаңа басшы келді
- Бишімбаевтың ісі келесі аптаға қалды
- Тимур Құлыбаев Лондондағы зәулім үйін 35 миллион фунтқа сатты
- Бишімбаев ісі: Алқабилерге қойылатын сұрақтар іріктеледі
- Павлодарлық құтқарушылар Ертіс өзенінен кеме капитанының денесін іздеп жатыр
- Армения оппозициясы Пашинянға қарсы импичмент жариялайды
- Бразилиядағы су тасқынынан 100-ден астам адам қаза тапты
- AlmaTV жоғары деңгейлі кибершабуыл туралы хабарлады
- Грузия 1 маусымнан бастап туристер үшін кіру шарттарын өзгертеді