Түркістанда жекеменшік мектептердің мұғалімдері жарты жыл бойы айлық алмады
Фото: Orda.kz
Сарыағаштағы жекеменшік мектепте жұмыс істейтін қызметкерлер 6 ай бойы жалақысын ала алмай келеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Сарыағаштағы High school жекеменшік мектебі 5 жылдан бері жұмыс істеп келе жатыр. Бірақ соңғы жарты жылда ол жердегі жұмыскерлердің бәрі тегін қызмет етіп келеді. Күзетші Оразәлі Әділбаев күнде «ақша жоқ» дегенді еститінін айтады.
«6 ай бойы жалақымызды ала алмай келеміз. Күнде «ертең береміз» деп жылы жауып қоя салады. Егер жұмыстан шығып кетсек, мүлде ештеңе ала алмай қаламыз. Сондықтан төзіп келеміз», – деді күзетші.
Жұмыскерлер қарызға батып өмір сүріп, несие алған. Кейбіреулері күнделікті қажет заттарын да ала алмай жүр. Жазда мектеп күрделі жөндеуден өтті: есік, терезелері ауысты, қабырғалары боялды. Жұмысшылар барлығын сапалы атқарғанымен, төрт ай бойы олардың да жалақысы төленбеді.
«Тамыз айында жұмыстарды аяқтадық. Қыркүйек айында айлығымызды сұрасақ, «жоғары жақтан ақша түспеген, ата-аналардың төлеген ақшасына береміз» деп, әртүрлі сылтау айтылды», – деді құрылысшы Ерғали Ережепов.
High School құрылтайшысы мұның бәрін мемлекеттің жекеменшік мектептерді қаржыландыруды уақытша тоқтатқандықтан болып жатқанын айтты.
«Қыркүйек-қазан айларынан бастап жалақы төлемейміз, себебі қаржы жоқ. Мәселе екі ай бойы министрлікте қаралып жатыр. 10 күн ішінде бәрін төлейміз», – деді Айгүл Керейбаева.
Айта кетейік, Талғарда 11-сынып оқушысы 14 жастағы жасөспірімге әлімжеттік көрсетемін деп өлтіріп алды.
Жаңалықтар
- Қазақстанда ипотека алу қиын әрі қымбат. Неге?
- Иран Ормуз бұғазы арқылы Үндістан кемелеріне өтуге рұқсат берді
- Тоқаев Ербол Хамитовты Паралимпиададағы жеңісімен құттықтады
- «Көрісу» дәстүрінің тарихы
- Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын түсті
- Мемлекет басшысы Digital Qazaqstan жобасы бойынша кеңес өткізді
- Теңізде төтенше жағдай: Компания өрттің шығу себебін тексеріп жатыр
- Түркияның орталық бөлігінде магнитудасы 5,5 болатын жер сілкінісі болды
- Блогер Жанабыловтар отбасының ісі бойынша сот тыңдауы басталды
- 4 адам мерт болды: Иракта АҚШ-тың жанармай құятын әскери ұшағы құлады
- Снежанна Имашева отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болды
- Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары ауысты
- Қазақстан азаматтарына БАӘ-де 217 жылжымайтын мүлік тиесілі
- Референдум: Бүгін үгіт-насихат жұмыстары аяқталады
- Терезе алдындағы ішімдік бөтелкелері: Абай облысында прокуратура қызметкерлері сөгіс алды
- Тоқаев судьялар корпусында ауқымды кадрлық өзгеріс жасады
- Павлодарда бір жарым жастағы бала тазартқыш сұйықтық ішіп, мүгедек болып қалды
- Алматыда жоспарлы түрде жарық өшеді: Қай көшелерде?
- «Иран бұрынғыдай емес»: Нетаньяху соғыс басталғалы бергі алғашқы баспасөз мәслихатын өткізді
- Трамп соғыста «алдын ала жеңіп жатырмыз» деді. Алайда шығын шаш етектен