Түркістанда жанармай құю станциясы жарылды: өрт сауда орталығын, дәріхананы және тұрғын үйді шарпыды
Фото: ТЖД
Түркістан облысы Қазығұрт ауданының Тұрбат ауылында жанармай құю станциясында жарылыс болды. Оқиға салдарынан жанармай тасымалдау көлігінің жүргізушісі жарақат алды, деп хабарлайды Orda.kz.
Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 7 шілде күні сағат 16:12 шамасында жанармай тасымалдау көлігіне жанармай құйып жатқанда жарылған. Өрт жақын маңдағы ғимараттарға, жеке тұрғын үйге, сауда орталығына, дәріхана мен дүкенге тараған.
«Өрттің жалпы аумағы 855 шаршы метр. Оқиға салдарынан 1996 жылы туған жанармай тасымалдау көлігінің жүргізушісі күйік шалып, ауруханаға жеткізілді. Өрт сағат 18:38-де толық сөндірілді. Оқиға орнында ТЖД, полиция және әкімдік қызметкерлері жұмыс істеді, барлығы 50-ден астам адам және 14 техника жұмылдырылды. Газ-ауа қоспасының тұтану себептері анықталып жатыр», — деп хабарлады Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаменті
Қазір дәрігерлер жүргізушінің өмірі үшін күресіп жатыр. Оның денесінің 85–90 пайызы күйіп қалған.
Еске сала кетейік, Қонаев қаласындағы жағажайда жас әйел суға батып кетті. Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек қайғылы оқиғаның куәсі болды.
Жаңалықтар
- Блогер Жанабыловтар отбасының ісі бойынша сот тыңдауы басталды
- 4 адам мерт болды: Иракта АҚШ-тың жанармай құятын әскери ұшағы құлады
- Снежанна Имашева отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болды
- Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары ауысты
- Қазақстан азаматтарына БАӘ-де 217 жылжымайтын мүлік тиесілі
- Референдум: Бүгін үгіт-насихат жұмыстары аяқталады
- Терезе алдындағы ішімдік бөтелкелері: Абай облысында прокуратура қызметкерлері сөгіс алды
- Тоқаев судьялар корпусында ауқымды кадрлық өзгеріс жасады
- Павлодарда бір жарым жастағы бала тазартқыш сұйықтық ішіп, мүгедек болып қалды
- Алматыда жоспарлы түрде жарық өшеді: Қай көшелерде?
- «Иран бұрынғыдай емес»: Нетаньяху соғыс басталғалы бергі алғашқы баспасөз мәслихатын өткізді
- Трамп соғыста «алдын ала жеңіп жатырмыз» деді. Алайда шығын шаш етектен
- Польшада жоғалған қазақстандық әйелдің мәйіті табылды
- Билік Қазақстан экономикасына 22,7 трлн инвестиция құйылғанын айтты
- Арыс ауданында жоқ малға субсидия алған әйел сотталды
- Иран Дубайдағы халықаралық қаржы орталығына шабуыл жасады
- Марқұм Әли Хаменейдің әйелі тірі
- Иран СІМ: Ормуз бұғазына мина қойып жатқан жоқпыз
- Астанада алғаш рет семсерлесуден Әлем кубогінің кезеңі өтеді
- Иранның жаңа көшбасшысы үндеу жасады: Иран кек алмай қоймайды