Түркістан облысындағы тартылған су қоймасынан ежелгі артефактілер табылды
Фото: ҚР ҒЖБМ
Zhanibekov University археологиялық орталығының зерттеушілері Түркістан облысының Ордабасы ауданында Бөген су қоймасы аумағында жұмыс жүргізді. Қуаң ауа райы салдарынан су деңгейі айтарлықтай төмендеп, экспедиция су астында жасырынған тарихи-мәдени ескерткіштерді зерттеу мүмкіндігіне ие болды, деп хабарлайды Orda.kz ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.


Археологтар бір апта бойы жұмыс істеп, кейінгі палеолит пен мезолит дәуірлеріне жататын еңбек құралдарын тапты: оншақты қымбат (халцедон) тастар, нуклеустар, сондай-ақ кесуге және өңдеуге арналған тастар. Тотығу нәтижесінде жер бетіне шыққан бұл артефактілер мұқият зерттелді.
Бұдан бөлек, мамандар қола дәуірінің соңына жататын бірнеше жерлеу орнын аршыды.
«Адам сүйектері нашар сақталғанына қарамастан, археологтар нақты өрнегі бар қыш ыдыстарды, алтын жалатылған және қола негізді самай әшекейін, жүзіктерді, білезіктерді, шеңберлі сырғаларды, сондай-ақ бас киімге арналған ұсақ моншақтарды тапты», — деп хабарлады министрлік өкілдері.
Түркістан облысы аумағында мұндай олжалар бұған дейін тіркелмеген.
Экспедиция барысында қаңлы-сармат кезеңіне жататын жерлеу орны да анықталды. Онда жауынгер заттары: төменге қарай иілген қанаты бар ұшты үш төлке жебе, шаруашылыққа қолданатын пышақ, құмыра және белдік тоғасы табылған. Бұл жәдігерлер біздің заманымызға дейінгі І ғасыр мен біздің заманымыздың І ғасыры аралығына жатады. Бұл өңір аумағы көне дәуірден бері үздіксіз қоныстанып келе жатқанын дәлелдейді.
Қазба жұмыстары Ұлттық тарихи-мәдени қорық қызметкерлерімен бірлесіп жүргізілді. Барлық табылған артефактілер ғылыми тұрғыда зерттеліп, музейге тапсырылады.
«Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени мұражай-қорығы ШҚО Қатонқарағай және Үлкен Нарын аудандарында археологиялық зерттеулер жүргізеді.
Бұл туралы мәдениет министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Былтыр «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени мұражай-қорығы ШҚО Қатонқарағай және Үлкен Нарын аудандарында археологиялық зерттеулер жүргізілді. Археологтар бұрын соңды ашылмаған 20 жерлеу орны мен елді мекенді тапты, олардың 14 -інде қазба жұмыстары жүргізілді. Қола дәуірінен қазіргі заманға дейінгі археологиялық орындарда ғалымдар көптеген артефакт орнын ашты.
Жаңалықтар
- Қазақстан оқушылары көктемгі демалыста қанша күн демалады?
- Ақтөбеде екі ер адамның мәйіті табылды: «Маньяк» туралы ақпарат рас па?
- Тұрғындарды «референдумға тіркеу» сылтауымен алдап жатыр
- Таяу Шығыстан 10 мыңнан астам қазақстандық елге оралды
- Тоқаев: Әлемде соғыс қаупі күшейді, Қазақстан теңгерімді сыртқы саясат жүргізеді
- «Түптеп келгенде, мұның бәрі елдің ертеңі үшін жасалып жатыр»: Тоқаев референдум жайлы сөз қозғады
- Таразда 9-сынып оқушысын жеті қыз жабылып кастетпен ұрып кеткен
- Қазақ тілінің мәртебесі төмендеді деп байбалам салудың қажеті жоқ – Тоқаев
- Тоқаев қолданыстағы Конституцияны сынамауға шақырды
- Тоқаев: Бюджет қаражатына ғана иек артып отыратын «масылдықтан» арылу қажет
- Иранның Қазақстандағы елшісі — «Қазақстан үшін Ираннан ешқандай қауіп жоқ»
- «Крокус Сити Холл» теракті: Күдікті өмір бойына сотталды
- Атырауда алты сағат қызды қорлаған жігіт 30 тәулікке қамалды
- Енді электрлі самокаттарды да нөмір болуы міндеттеледі
- LRT жол жүру құны шамамен 200 теңге болуы мүмкін
- Алматыда қойма ғимаратынан өрт шықты
- Ирак жағалауында мұнай танкері жарылып, бір адам ажал құшты
- Үндістандағы балық базарында ірі өрт жүздеген лашықтың күлін көкке ұшырды
- Петропавлдық мұғалім Гиннестің рекордтар кітабына енді
- Заңсыз 185 млн теңге тапқан: Теміртауда криптоферма ашқан ер адам сотталды