Түркістан облысында теміржол көпірі тас жолға құлады

cover

Түркістан облысында орналасқан теміржол көпірінің бір бөлігі астынан өтетін тас жолға құлады. Тек сәттілікке байланысты көлік жүргізушілерінің ешқайсысы зардап шекпеді.

4 наурызда әлеуметтік желіде Түркістан облысындағы теміржол туннелі бөлігінің жолға қалай опырылғаны туралы видео тарай бастады.

Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі Orda.kz-ке  оқиғаның шын мәнінде 3 наурыз күні күндіз Шымкент қаласы мен Сайрам ауданы шекарасында орналасқан облыстық маңызы бар № 97 жолдың бойында болғанын растады. Оқиға кезінде көпірден пойыз өтіп бара жатқан. Жүргізушілер пойыздың өтуіне мүмкіндік беру үшін туннель алдына тоқтады, сондықтан зардап шеккендер жоқ.

«Темір жол тоннелінің бір жағы опырылып қалды. Салдарынан жолда 40 минуттық кептеліс пайда болды. Бұл теміржол көпірі «Қазақстан темір жолы» АҚ меншігінде. Оқиға орнына «Қазақстан темір жолы» АҚ мен Сайрам ауданы әкімдігінің қызметкерлері дереу аттанды. Жол қоқыстан тазартылды» деді облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметі облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы жақын арада жаңа теміржол өткелінің құрылысына жобалық-сметалық құжаттама дайындайтынын қосты.

Қазір теміржол туннелінің бір бөлігі опырылған жол көлік қозғалысына ашылып қойған.

Қазақстанның әртүрлі аймақтарында теміржол ғана емес, көпірлер мәселесі жиі туындайды. Ақпан айында-ақ Семейде қатты аяздың салдарынан аспалы көпірдегі компенсатор ашылғанымен, мамандар опырылып кету қаупі жоқ деп сендірді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар