Түркістан облысына жаңа әкім тағайындалды

cover Фото: Gov.kz

Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұралхан Оралбайұлы Көшеров Түркістан облысының әкімі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Orda.kz.

Шымкент тумасы Нұралхан Көшеров еңбек жолын 2008 жылы Мәжіліс депутатының көмекшісі қызметінен бастады. 2009-2011 жылдары Қаржы министрлігінің салық комитетінде cарапшы, Алматы ауданы салық басқармасының заңды тұлғаларды салықтық тексеру бөлімінің бас маманы, сондай-ақ Астана қаласының Алмалы аудандық салық департаментінде жұмыс істеді. 2010-2014 жылдары Астана қаласының Есіл ауданы салық басқармасы басшысының орынбасары лауазымында қызмет атқарды.

2014-2015 жылдары Астана қаласының Есіл ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы, сондай-ақ Қаржы министрлігінің салық комитеті Астана қаласы бойынша салық департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарды.

2015-2018 жылдары Шымкент қаласы әкімінің орынбасары болды.

2018-2021 жылдары Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті Ақтау қаласындағы басқармасының басшысы, сондай-ақ Шымкент қаласындағы Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы қызметін атқарды.

2021-2023 жылдары Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы болды.

2023 жылдың қаңтарынан бастап Түркістан облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Еске сала кетейік, бұрынғы Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалды президент аппаратының бірінші орынбасары болып тағайындалды.



Жаңалықтар

барлық жаңалықтар