Трансгендер Амилай ұлттық құндылықтарды қорлағаны үшін қазақ халқынан кешірім сұрады

cover Фото: ашық дереккөзден

Қазақстандық блогер, трансгендер Амилай желіде өзінің тұрмысқа шығатынын хабарлап, сүйінші сұраған. Араға біраз уақыт салып, күйеу жігіт оны үйіне ұлттық киімде әкелген видеосы тарады.

Бұл жаңалық желіде қызу талқыға түсіп, көпшіліктің шамына тиді. Жақында бір топ қазақ жігіттері Амилай мен оның күйеуін ұстап алып халықтан кешірім сұратты.

«Мен - Әліби, 2001 жылы туғанмын. Ұлтым — дұңған. Барша қазақстандықтардан осы қылығым үшін кешірім сұраймын» деді күйеу жігіт.

Амилай да қазақ халқының ұлттық құндылығын қорлағаны үшін кешірім сұрады.

Бұл туралы әлеуметтік желі белсендісі Амина Смағұлова өз парақшасында жазды.

«Күні кеше желіде Амилай деген урод тұрмысқа шыққанын хабарлап, сүйінші сұраған болатын. Ұлты дұңған «күйеужігіт» Әліби «қалыңдығы» Амилайды үйіне ұлттық киімде алып келген еді. Бір топ қазақ жігіттері осы екеуін ұстап алып, қазақ халқының ұлттық құндылықтарын қорлағаны үшін кешірім сұратқызыпты. Жігіттерге риза болдым. Жарайсыңдар, бауырларым!» делінген жазбада.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар