Трамп зорлықшылар мен кісі өлтіргендерге өлім жазасын бермек

cover Фото: Ron Sachs/Keystone Press Agency/Global Look Press

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп инаугурациясынан кейін Әділет министрлігіне зорлық-зомбылық пен кісі өлтіру қылмыстары бойынша айыпталғандарға өлім жазасын сұрауға нұсқау беретінін мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.

Өз Thruth Social желісіндегі жазбасында Трамп қазіргі президент Джо Байденді өлім жазасына кесілген қылмыскерлерге жазаны жеңілдеткені үшін сынға алды.

«Инаугурациямнан кейін бірден Әділет министрлігіне америкалық отбасыларды қатыгез зорлықшылардан, кісі өлтірушілер мен қылмыскерлерден қорғау үшін өлім жазасын қатаң түрде сұрату бойынша нұсқау беремін» деп жазды Трамп.

Еске сала кетсек, Дональд Трамп сайлауда жеңіске жетіп, АҚШ-тың 47-президенті атанды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар