Трамп сенбіге дейін соғысты тоқтатуы мүмкін — Израильдік БАҚ

cover Фото: әлеуметтік желіден

Израиль Дональд Трамп сенбіге дейін атысты тоқтату туралы шешім қабуылдауы мүмкін екенін болжап отыр, деп хабарлайды Orda.kz mako.co.il сайтына сілтеме жасап.

Израиль мәлімдемесінде АҚШ пен Иран толық әрі түпкілікті келісімге келмесе де атыс тоқтауы мүмкін деп болжауда.

Биньямин Нетаньяху өткізген кеңесте АҚШ тарапынан қысым жасалмай тұрып, Израиль үшін маңызды мақсаттар анықталған.

Израильдегі дереккөздердің пікірінше, Иран мен АҚШ арасында жан-жақты әрі нақты келісімге келу ықтималдығы төмен. Дегенмен, жалпы көлемдегі келісімге келу мүмкіндігі бар. 

Егер соғыс тоқтаса, Израиль сол уақытқа дейін негізгі мақсаттарына жетуге тырысады. Ал егер соғыс жалғаса берсе, мақсаттар кезең-кезеңімен іске асырылып, қажетіне қарай жаңалары қосылады.

Бұл мәселе тар құрамдағы отырыста жан-жақты талқыланды.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар