Toyota мен курьер соқтығысып, мопед иесі қайтыс болды

cover

28 наурызда Алматыда Toyota-мен соқтығысып, жол апатынан зардап шеккен мопед иесі ауруханада көз жұмды. Бұл туралы қалалық полиция департаменті хабарлады, деп хабарлайды Orda.kz.

- Өкінішке қарай, 28 наурызда Абай даңғылы мен Байтұрсынов көшесінің қиылысында жол апатынан зардап шеккен мопед жолаушысы қаладағы ауруханалардың бірінде қайтыс болды, - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Аталған фактіні Алматы қаласы ПД анықтау басқармасы Қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-бөлігі «көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін абайсызда адам өліміне әкеп соққан бұзушылығы» бойынша тергеуде.

Еске сала кетейік, 28 наурызда Алматыда мопедтегі курьер қызылға шығып, Toyota-мен соқтығысқан болатын. Видео әлеуметтік желілерде таралған. Апат салдарынан мопедтің жүргізушісі мен жолаушысы жарақат алған.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар