Төтенше жағдайлар вице-министрі тағайындалды

cover Фото: Премьер-министрдің баспасөз қызметі

Рамиль Камалов Қазақстанның төтенше жағдайлар вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Orda.kz.

Бұл туралы премьер-министрдің баспасөз қызметі мәлімдеді. 

«Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулысымен Камалов Рамиль Фатқұлұлы төтенше жағдайлар вице-министрі қызметіне тағайындалды» деп жазылған қаулыда. 

Рамиль Камалов 2016-2017 жылдары Маңғыстау облысының төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары болып жұмыс істеді. 2017-2023 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаментінің бастығы қызметін атқарды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар