Тоқаев «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысын қабылдады

cover

Мемлекет басшысы «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысын қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қайрат Келімбетов баяндама жасап АХҚО-да әлемнің 65 елінен 1500-ден аса компания тіркелгенін, тартылған инвестицияның жалпы көлемі 6,9 миллиард долларға жеткенін мәлімдеді.

Сондай-ақ:

  • Astana International Exchange (AIX) биржасы арқылы 321 миллион доллардан астам акционерлік капитал және 2,1 миллиард доллар қарыз капиталы тартылған;
  • АХҚО соты мен Халықаралық арбитраж орталығы жалпы 1200-ден астам даулы мәселені қарастырған;
  • Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы есебінде АХҚО-ның салық режимі салық ашықтығының жаһандық стандарттарына сай келеді деп танылған.

Қасым-Жомарт Тоқаев елдің экономикалық дамуында «Астана» халықаралық қаржы орталығы маңызды рөл атқаратынын атап өтіп, шетелдік инвестиция тарту жұмыстарын күшейту қажет екенін айтты.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар