Тоқаев әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері туралы заңға қол қойды

cover

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік жастар саясаты және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша түзетулер туралы заңға қол қойды.

Бұл туралы Ақорда хабарлайды.

Құжатпен 13 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі, оларда мынадай түзетулер бар:

  • жастардың жасын 35 жасқа дейін ұлғайту;
  • жастар ресурстық орталықтарының функцияларын кеңейту;
  • мемлекеттік жастар саясатының негізгі бағыттарына жастардың цифрлық сауаттылығын арттыру және жастар арасында волонтерлік қызметті дамытуды енгізу;
  • уәкiлеттi органның құзыретiне жастармен жұмыс iстейтiн мамандардың үлгiлiк бiлiктiлiк сипаттамаларын, жастар еңбек ұжымдарын құру, ұйымдастыру, қамтамасыз ету қағидаларын, сондай-ақ олардың қызметiн бақылау қағидаларын, жастардың даму индексін енгiзу және қолдану қағидаларын әзiрлеу және бекiту функцияларын қосу;
  • бала күтімі бойынша жәрдемақы төлеу мерзімін 1,5 жылға дейін ұлғайту;
  • әйелдердің зейнеткерлік жасын 61 жас деңгейінде жоспарлы ұлғайтуды 2023 жылдан 2028 жылға дейін тоқтата тұру;
  • базалық зейнетақы мөлшерін кезең-кезеңмен ұлғайту;
  • ынтымақты зейнетақы мөлшерін есептеу кезінде ең жоғары табыс шегін 46-дан 55 АЕК-ке дейін арттыру;
  • сақтандырылғандарға жұмысынан айырылуы бойынша әлеуметтік төлемдердің мөлшерін орташа айлық табыстың 45%-ына дейін ұлғайту;
  • мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға берілетін кепілдік берілген әлеуметтік пакетті монетизациялау;
  • сұранысқа ие кәсіптері мен дағдылары бар шетелдіктерге Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру үшін төлем қабілеттілігін растау туралы талапты алып тастау.

Сонымен қатар, заңда «жастардың даму индексі», «жастарға әлеуметтік қызмет көрсету», «уақытша тұрақсыз жастар», «жастармен жұмыс жөніндегі маман», «жастар еңбек жасақтары» ұғымдары бекітілген.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар