Тоқаевқа ұшақ апатынан кейін алғашқы көңіл айту жеделхаты келді

cover Фото: gov.kz

ҚХР төрағасы Си Цзиньпин мемлекет басшысына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Orda.kz.

Бұл туралы Ақорда мәлімдеді. 

«Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин Ақтау маңында Azerbaijan Airlines әуе компаниясының жолаушылар ұшағы апатқа ұшырауы салдарынан көптеген адамның, соның ішінде Қазақстан азаматтарының қайтыс болғаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізді» делінген хабарламада. 

Сондай-ақ Қытай үкіметі мен халқының атынан қаза тапқандардың туған-туыстарына көңіл айтты.


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар