Тоқаевқа референдум нәтижесіне орай тағы құттықтау жеделхаттары келіп түсті
Фото: Ақорда
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасы бойынша референдумның өтуіне орай шет мемлекеттердің басшылары мен халықаралық ұйымдардың жетекшілері Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына құттықтау жеделхаттарын жолдады, деп хабарлайды Orda.kz.
Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев саяси жүйені жаңғыртуды және басқару моделін жетілдіруді көздейтін Конституцияның қабылдануын Қазақстан тарихындағы жаңа кезеңнің бастауы ретінде сипаттаған. Оның пікірінше, бұл еліміздің серпінді дамуына және халықаралық аренадағы рөлінің күшеюіне оң септігін тигізеді. Ал Беларусь президенті Александр Лукашенко Конституциядағы қағидаттардың іске асуы Қазақстанның гүлденуіне негіз қалайтынын атап өткен. Қазақстан президентіне жылы лебізін Сербия Президенті Александр Вучич те жеделхат жолдады. Армения премьер-министрі Никол Пашинян жеделхатта атап өткендей, жалпыхалықтық дауыс беру қорытындысы Қазақстан азаматтарының ел Тәуелсіздігі мен егемендігін сақтауға, заң үстемдік құратын бақуатты заманға сай қоғам құруға жауапкершілікпен қарайтынын байқатады.
Кеше, 16 наурызда Ресей президенті Владимир Путин, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров алғашқылардың бірі болып қыттықтаған.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- Иран Орталық Азия еліне әскери ескерту жасады
- Қазақ салтындағы бала асырап алу дәстүрі
- Тоқаевқа референдум нәтижесіне орай тағы құттықтау жеделхаттары келіп түсті
- «Қайрат» өз алаңында «Ақтөбені» тізе бүктірді
- «Сегіз автокөлік пен 17 iPhone тәркіленді» — Жаңабыловтардың сотында не айтылды?
- Садыр Жапаров Тоқаевты Қазақстанда жалпыхалықтық референдумның сәтті өтуімен құттықтады
- Түркістанда пара алды деген күдікпен ұсталған полицей жазадан құтылып кетті
- Астанада 15 жастағы жасөспірім із-түзсіз жоғалып кетті
- Мемлекет басшысы әскери қызметке қатысты Жарлыққа қол қойды
- Жамбыл облысындағы әскери бөлімде қарауыл бастығына оқ тиіп опат болды
- Лос-Анджелесте «Оскар-2026» жеңімпаздары анықталды
- Путин Тоқаевты жаңа Конституцияның қабылдануымен құттықтады
- Талғарда қыз зорлады деген жаламен ұсталған төрт жігіт ақталып шықты
- Қадір түні — тағдыр түні: Дұға-тілектер
- Алматыда Рахат Тұрлыханов әйеліне күш көрсетті деген күдікпен қайта ұсталды
- Италияда қысқы Паралимпиада ойындары аяқталды: Қазақстан нешінші орында тұр?
- Тоқаев Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті
- Екі аптадағы соғыс: Парсы шығанағындағы елдерге Иран шабуылдарының салдары қандай?
- Қазақстанның жаңа Конституциясы референдумда ресми түрде мақұлданды
- «Өліп жақсы көремін»: Нетаньяхудың «өлімі» мен алты саусақтың құпиясы