Тоқаев ТМД саммитінде: Қазақстан қазақ тілінің мәртебесін нығайта береді
Қазақстан алдағы уақытта да қазақ тілінің мәртебесін нығайта береді, деді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД саммитінде.
«Саммитте мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қазақстан басшысы ТМД елдерінің көпқырлы ынтымақтастығында орыс тілінің ерекше рөлін атап өтті» делінген жұма күні таратқан хабарламада.
Мемлекет басшысының айтуынша, «Биыл ТМД-да орыс тілі жылы болып жариялануының символдық мәні бар».
«Бүгін біз орыс тілі жөніндегі халықаралық ұйымның Құрылтай келісімі мен Жарғысына қол қою туралы тарихи шешім қабылдаймыз. Бұл ұйым дербес халықаралық құрылымға айналып, заңды тұлға болады. Жаңа ұйым барлық елдер үшін ашық және, әрине, жаһандық гуманитарлық ынтымақтастық тұрғысынан өте өзекті. Орыс тілін ТМД кеңістігінде және кеңірек халықаралық ауқымда ілгерілету бойынша қабылданған шаралар біздің елдеріміздің ұлттық бірегейлігін нығайту тенденциясын мүлде жоққа шығармайды. Қазақстан мемлекеттік қазақ тілінің мәртебесін нығайту саясатын жалғастырады», - деді Тоқаев.
Жаңалықтар
- Польшада жоғалған қазақстандық әйелдің мәйіті табылды
- Билік Қазақстан экономикасына 22,7 трлн инвестиция құйылғанын айтты
- Арыс ауданында жоқ малға субсидия алған әйел сотталды
- Иран Дубайдағы халықаралық қаржы орталығына шабуыл жасады
- Марқұм Әли Хаменейдің әйелі тірі
- Иран СІМ: Ормуз бұғазына мина қойып жатқан жоқпыз
- Астанада алғаш рет семсерлесуден Әлем кубогінің кезеңі өтеді
- Иранның жаңа көшбасшысы үндеу жасады: Иран кек алмай қоймайды
- 13 наурызда барлық өңірде күн жылы болады
- БҚО-да мемлекеттік мекеменің есепшісі бюджет қаражатын бәске тігіп жіберген
- Атырау облысындағы Қарабатан полигонында сарбаз қаза тапты
- Қазақстан оқушылары көктемгі демалыста қанша күн демалады?
- Ақтөбеде екі ер адамның мәйіті табылды: «Маньяк» туралы ақпарат рас па?
- Тұрғындарды «референдумға тіркеу» сылтауымен алдап жатыр
- Таяу Шығыстан 10 мыңнан астам қазақстандық елге оралды
- Тоқаев: Әлемде соғыс қаупі күшейді, Қазақстан теңгерімді сыртқы саясат жүргізеді
- «Түптеп келгенде, мұның бәрі елдің ертеңі үшін жасалып жатыр»: Тоқаев референдум жайлы сөз қозғады
- Таразда 9-сынып оқушысын жеті қыз жабылып кастетпен ұрып кеткен
- Қазақ тілінің мәртебесі төмендеді деп байбалам салудың қажеті жоқ – Тоқаев
- Тоқаев қолданыстағы Конституцияны сынамауға шақырды