Тоқаев сыртқы істер министрінің бірінші орынбасарын тағайындады

cover Фото: Ақорда

Тоқаевтың өкімімен Ержан Ашықбаев Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Orda.kz. 

Ал бұған дейін бұл лауазымда болған Ақан Ақасұлы Рахметуллин қызметінен босатылды.

Сонымен қатар, мемлекет басшысының жарлығымен Данияр Қабидоллаұлы Сарекенов Словения Республикасындағы төтенше және өкілетті елші лауазымынан босатылды.

Айта кетейік, қыркүйек айында сыртқы істер министрі болып Ермек Көшербаев тағайындалған еді. Ал бұған дейін министр болған Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеу ҚР президентінің халықаралық инвестиция және сауда ынтымақтастығы жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды.


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар