Тоқаев Лукашенконы жеңісімен алғашқылардың бірі болып құттықтады

cover Фото: gov.kz

Тоқаев Лукашенконы президенттік сайлаудағы жеңісімен алғашқылардың бірі болып құттықтады, деп хабарлайды Orda.kz. 

Еске салайық,  Беларусьте өткен сайлау нәтижесі бойынша – қазіргі президент Александр Лукашенко 87,6% дауыспен жеңіске жетті. 27 қаңтарда телефон арқылы сөйлескен Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Беларусь президенті Александр Лукашенконы жеңісімен құттықтады.

Олар елдердің ынтымақтастық мәселелерін талқылап, халықаралық тақырыптар бойынша пікір алмасты.

Тоқаев Беларусь президентін құттықтағандардың алғашқыларының бірі екен. Беларусь президенті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ресей президенті Владимир Путин әлі қоңырау шалмаған. 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар