Тоқаев Қазақстан мен Бангладеш арасындағы достық қатынас дами беретініне сенім білдірді

cover Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Бангладеш президентіне құттықтау жеделхатын жолдады. Қасым-Жомарт Тоқаев президент Мохаммад Шахабуддин Чуппу мен оның барша отандастарын Бангладеш Халық Республикасының ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Orda.kz.      

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Бангладеш арасындағы достық және өзара түсіністікке негізделген қарым-қатынас қос халықтың игілігі үшін ұдайы дами беретініне сенім білдірді. 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мохаммад Шахабуддин Чуппудың жауапты қызметіне толайым табыс, ал достас Бангладеш халқына құт-береке тіледі.

Оқи отырыңыз:



Жаңалықтар

барлық жаңалықтар