Тоқаев «Байқоңыр» ғарыш айлағын 70 жылдығымен құттықтады
Фото: Ақорда
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Байқоңыр» ғарыш айлағының 70 жылдығына арналған бейнеүндеуін жариялады, деп хабарлайды Orda.kz.
Мемлекет басшысы ғарыш саласы қызметкерлері мен ардагерлерін мерейтоймен құттықтап, айлақтың тарихи маңызын атап өтті.
«1957 жылы дәл осы арадан жасанды Жер серігі ұшырылып, ғарышты игеру дәуірі басталды. Көп ұзамай, 1961 жылы айлақтан тұңғыш ғарышкер Юрий Гагарин көк жүзіне аттанды. Бұл тарихи оқиға жаһан жұртшылығын біріктіріп, адамзаттың ғылым мен өркениет прогресіне деген сенімін нығайтты», – деді президент.
Тоқаев Байқоңырдың Қазақстан жерінде орналасқанын зор мақтаныш деп атап өтті. Сондай-ақ қазақтың тұңғыш ғарышкерлері Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев пен Айдын Айымбетовтің осы Байқоңырдан ғарышқа сапар шеккенін еске алды.
«Байқоңыр айлағы – Қазақстан мен Ресейдің достыққа, тату көршілікке және өзара түсіністікке негізделген ұзақ мерзімді стратегиялық серіктестігінің жарқын көрінісі».
Сөз соңында президент Байқоңыр қаласының тұрғындарына айрықша алғыс білдірді.
«Ғарыш саласы бүкіл адамзатты ортақ мақсатқа жұмылдырып, ғылыми-техникалық прогреске жол ашады. Байқоңыр алдағы уақытта да ұлы жаңалықтардың ошағы боларына сенемін», – деді Президент.
Еске сала кетейік, Ресей Байқоңыр ғарыш айлағынан бас тартуы мүмкін деген ақпарат мамыр айының басында тараған еді.
Жаңалықтар
- «Көрісу» дәстүрінің тарихы
- Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын түсті
- Мемлекет басшысы Digital Qazaqstan жобасы бойынша кеңес өткізді
- Теңізде төтенше жағдай: Компания өрттің шығу себебін тексеріп жатыр
- Түркияның орталық бөлігінде магнитудасы 5,5 болатын жер сілкінісі болды
- Блогер Жанабыловтар отбасының ісі бойынша сот тыңдауы басталды
- 4 адам мерт болды: Иракта АҚШ-тың жанармай құятын әскери ұшағы құлады
- Снежанна Имашева отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болды
- Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары ауысты
- Қазақстан азаматтарына БАӘ-де 217 жылжымайтын мүлік тиесілі
- Референдум: Бүгін үгіт-насихат жұмыстары аяқталады
- Терезе алдындағы ішімдік бөтелкелері: Абай облысында прокуратура қызметкерлері сөгіс алды
- Тоқаев судьялар корпусында ауқымды кадрлық өзгеріс жасады
- Павлодарда бір жарым жастағы бала тазартқыш сұйықтық ішіп, мүгедек болып қалды
- Алматыда жоспарлы түрде жарық өшеді: Қай көшелерде?
- «Иран бұрынғыдай емес»: Нетаньяху соғыс басталғалы бергі алғашқы баспасөз мәслихатын өткізді
- Трамп соғыста «алдын ала жеңіп жатырмыз» деді. Алайда шығын шаш етектен
- Польшада жоғалған қазақстандық әйелдің мәйіті табылды
- Билік Қазақстан экономикасына 22,7 трлн инвестиция құйылғанын айтты
- Арыс ауданында жоқ малға субсидия алған әйел сотталды