Тоқаев Әзірбайжан президентіне көңіл айтты

cover Фото: gov.kz

Мемлекет басшысы Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиевке көңіл айтты, деп хабарлайды Orda.kz. 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевке Ақтау маңында болған ұшақ апатына байланысты көңіл айтты.

«Орны толмас ауыр қайғыға ортақтаса отырып, сізге, қаза тапқан азаматтардың туған-туыстарына және барша Әзірбайжан халқына көңіл айтамын. Менің тапсырмаммен Қазақстан үкіметі мемлекеттік комиссия құрды. Комиссия құтқару операциясы аясында тиісті шаралар қабылдайды» делінген жеделхатта.

Тоқаев Әзірбайжан тарапына барлық қажетті көмек көрсетілетінін мәлімдеді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар