«Тойым керек қой, қанағат керек»: Бәпи Құлыбаевтың құлқынына кеткен мұнайды айтты

cover Коллаж Orda.kz

Депутаты Ермұрат Бәпи Қазақстан мұнайы шетелде тіркелген компаниялар арқылы сатылып, пайдасын Тимур Құлыбаев пен оның серіктестері қалтасына басып отырғанын айтты, деп хабарлайды Orda.kz.

Бәпи халықаралық журналистік зерттеулер консорциумының (ICIJ) мәліметіне сүйене отырып, Қазақстан мұнайы мен мұнай өнімдері шетелде тіркелген түрлі компаниялар арқылы сатылып жатқандығын айтты. 

«Конституция бойынша бұл байлық халықтың меншігі болғанымен, олардың экспорты қандай да бір белгісіз субъектілердің бақылауында. Мысалы, қазақстандық мұнайды әлемдік нарықта сататын ең ірі компания – Vitol, ол Швейцарияда тіркелген. ҚазМұнайГаз Трейдинг компаниясы да Швейцария резиденті. Сол сияқты, ТеңізШевройл компаниясы өндірген Теңіз мұнайы Нидерландыда тіркелген ҚазМұнайГаз-Финанс трейдері арқылы экспортталады», – деді Бәпи.  

Депутаттың айтуынша, баға айырмасынан пайда көретін шетелдік компаниялардың саны өте көп. Олардың барлығы сыртта тіркелген, ол Vitol трейдингтік компаниясының иесі белгілі олигарх Тимур Құлыбаев екендігін баса айтты. 

«Тимурдың және оның командасының 22 елде тіркелген 200-ден астам компанияда үлесі бар. Қанша байлық керек? Халыққа да бір нәрсе қалдыру керек қой! Жақында Тимур Құлыбаев 500 миллиард теңгеден астам активтерді қайтарды деген ақпарат тарады. Бұл шамамен 1 миллиард доллар, яғни 20 жыл ішінде топ жинаған байлықтың тек оныншы бөлігі ғана. Қазақстан мұнайы SWAP схемасы арқылы сатылады, ел ішінде төмен бағамен, ал шетелде әлемдік бағамен. Түптеп келгенде, баға айырмашылығы шетелдік трейдерлердің немесе офшорлық банктердің қалтасына кетеді. Ал ел табиғи апаттардан туындаған үлкен бюджет тапшылығына көріп отыр» , – деп қортындылады депутат. 


 

 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар