Тобыл өзенінің мұзы жарылды

cover Фото: Orda.kz

Қостанайдағы Тобыл өзенінде мұз жару жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Orda.kz

Сәуірдің 5-і күні түстен кейін өскемендік мамандар Тобыл өзенінде, қаладағы жағажай маңындағы мұзды жарып жіберді. Жұмыс сәтті аяқталды, мұз жарылып, сең қозғала бастады. Қазір мамандар мұз жамылғысын тексеріп отыр. Жұмысқа Қостанай ТЖБ-нің екі қызметкері, жедел-құтқару жасағының төрт қызметкері, әскерге шақырылған үш азамат, төрт жүргізуші, жедел әрекет ету отрядының 10 қызметкері және екі техника қатысты.

Жарылыс жұмыстары қаладағы тағы үш жерде жүргізілетіні белгілі болды: қаладағы жағажайда, жағажай маңындағы жаяу жүргіншілер көпірінің артында және Гагарин бөгетіне жақын жерде.

Қала тұрғындарынан сабыр сақтап, жарылыс болған жерге жақындамауды сұралды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар