Тоқаев Тараздағы жарылыстан қаза тапқандарды марапаттады
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен әскери және қызметтік борышын атқаруда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Жамбыл облысындағы әскери қойма жарылысында қаза тапқан азаматтар мемлекеттік наградамен марапатталды.
Бұл туралы Orda.kz Ақордаға сілтеме жасап хабарлады.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы
2021 жылғы 29 тамыз
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Әскери және қызметтік борышын атқаруда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін наградталсын:
І дәрежелі «Айбын» орденімен Қапезов Арман Қуанышұлы (марқұм) – Бас әскери прокуратураның Оңтүстік аймақ әскери прокуроры;
Микропуло Александр Николаевич (марқұм) – Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі өрт сөндіру кезекші қызметінің жедел кезекшісі (өрт сөндіру жетекшісінің орынбасары);
ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен Дәлібаев Оразбек Дайраұлы (марқұм) – Қорғаныс министрлігі № 28349 әскери бөлімі ведомстволық күзет командасының атқышы;
Жанболатов Руслан Жүрсінбайұлы (марқұм) – Қорғаныс министрлігі № 28349 әскери бөлімі өртке қарсы қорғаныс және құтқару жұмыстары әскери командасының маманы (өрт сөндірушісі);
Мешінбай Марат Сайлауұлы (марқұм) – Қорғаныс министрлігі № 28349 әскери бөлімі өртке қарсы қорғаныс және құтқару жұмыстары әскери командасының маманы (механик-жүргізушісі);
Нәдірбеков Еркін Ерікбайұлы (марқұм) – Қорғаныс министрлігі № 28349 әскери бөлімі өртке қарсы қорғаныс және құтқару жұмыстары әскери командасының бөлімше бастығы (команда бастығы);
Сандыбаев Елдос Қадырбайұлы (марқұм) – Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 3 өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы;
Темірболатов Арнұр Серікұлы (марқұм) – Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 3 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші-құтқарушысы;
Төребеков Тәңірберген Құдайбергенұлы (марқұм) – Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы.
Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев Естеріңізде болса, 26 тамыз күні кешкі сағат 19.00 шамасында Жамбыл облысының Байзақ ауданындағы №28349 әскери бөлімнің оқ-дәрі қоймасынан өрт шығып, жойқын жарылыс болды. Кеше ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 29 тамызды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.
Жаңалықтар
- Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күні
- Ұлттық экономика вице-министрі қызметінен кетті
- Ералы Тоғжанов премьер-министрдің кеңесшісі болып тағайындалды
- Алматы мен Алматы облысында өзен тасуы мүмкін
- Семейде бір ай бұрын жоғалып кеткен қыздың денесі табылды
- TikTok жұлдызы Мұрат Әбділданың мерзімінен бұрын босату туралы өтініші қаралды
- Мемлекет басшысы биліктегі біршама тұлғаларды орнынан босатып, біразын тағайындады
- Үйі жоқ халықты коммуналдық төлемдерден босату қаншалық орынды?
- Футбол добының орнына кірпі: Ақтөбеде жігіттерге қатысты қылмыстық іс қозғалды
- «Самұрық-Қазына» өзінің еншілес ұйымына екі ірі су электр стансасын берді
- Мемлекет басшысы Малайзия Премьер-министрі Ануар Ибрагиммен кездесті
- Дұғалар, прокуратура, облыс әкімі және Атыраудан жүк көлігі: Құлсарыдағы митинг жалғасып жатыр
- Оралдағы су басқан саяжай тұрғындары тағы да әкімдікке жиналды
- Енді үйдегі интернетті телефон арқылы қосуға болады
- Тоқаевтың Жарлығымен Нұрлан Асқарұлы Ноғаев Маңғыстау облысының әкімі лауазымынан босатылды
- Татарстанда қазақ тілі оқытылатын болады
- Қазақстан Энергетика министрлігі басшылығының мессенджерлеріне хакерлік шабуыл жасалды
- Депутат баспананы табиғи апаттан сақтандыруды міндеттеуді ұсынып отыр
- Boeing ұшақтары қауіпсіз бе: АҚШ-тың Әділет министрлігі тергеуді бастады
- Әділет министрлігі екі саяси партияны тіркеуден бас тартты