Тоқаев кеңестік емес, қытайлық әдісті қолданды - ресейлік журналист
Фото: ашық дереккөзден
Ресейлік сарапшы Қазақстанда қаңтарда орын алған бүлікке қатысты пікір білдірді. Журналист Сергей Марданның айтуынша, президент Тоқаев елдегі жағдайды реттеуде кеңестік емес, қытайлық әдісті қолданған.
Журналист Қазақсатнның көп ұлтты ел екенін еске сала отырып, Назарбаев кезінде мұндай жағдай орын алмағанын айтты.
«Қолыма 1993-1994 жылдары жарияланған мақала түсті. Онда Назарбаев жаңадан құрылған Қазақстанның болашағына көп ұлтты ел болуы кері әсер етуі мүмкін екенін айтты. Яғни Қазақстанда қазақтардың саны аз болды. Бірақ Нұрсұлтан Назарбаев бұл мәселені 30 жылда шешті. Өзге ұлт өкілдерінің саны азайып, қазақтар саясатта да басымдыққа ие болды» дейді Мардан.
Ол сондай-ақ Қазақстандағы жағдай Ресейде де орын алуы мүмкін екенін ашық айтып, Қазақстандағы жағдай – өте ауқымды мәселе екенін мойындады.
«Ресейліктерді басқару өте оңай. Олар бір ай бұрын ғана қазақстандықтарға жандары ашып, үш жүздің тарихын зерттеп отырған. Ал қазір барлығына бәрібір. Негізі Қазақстандағы жағдай – өте ауқымды мәселе. Өйткені ол жақтағы жағдай лезде Ресейде де орын алуы мүмкін.
Қазір сарапшылар Владимир Путин Назарбаевтың әрекетін қайталамайтынын айтып жатыр. Ол Назарбаев секілді артына ізбасар қалдырып, оның билігін конституциялық деңгейде шектемейді дейді. «Дегенмен бізде де 4 жыл Медведев басқарғанын ұмытпау керек. Дегенмен Медведевтің билігі мүлде шектелмеді» дейді Сергей Мардан.
Ресейлік журналист Қазақстандағы оқиғаны «төңкеріс» деп атады.
«Төңкеріс 5 қаңтарда болды. 1 ай өтпестен, 28 қаңтарда Nur Otan партиясының съезі өтті. Неге өткізгенін нақты түсінбедім. Себебі Қазақстандағы демократияны «демократия» деп айтуға келмейді. Олар сол кезде-ақ жаңа басшы тағайындап, өзге партия құра алар еді. Алайда билік басындағылар басқа жолды таңдады. Назарбаевты партия басшылығынан алып тастап, Тоқаевты сайлады» дейді Мардан.
Тоқаев қытайлық жолды таңдады
Мардан Тоқаев елдікті сақтап қалу үшін қытайлық жолды таңдадады деген ойда.
«Елбасы туралы жылы сөздер айтты. Өте сабырлы кейіп танытты. 100 пайыз советтік емес, Қытай жолын таңдады. Бізде Сталин қайтыс болған соң оның әрекеттерін әшкере еткенін білесіздер. Ал Қытайлар Мао Цзэдунды қадірлейді. Тәуелсіздік алып бергенін алға тартып, оның шешімдерінің 70% дұрыс, 30% дұрыс емес дейді. 30% үшін ғана Маоны жаман етіп көрсеткен жоқ. Тоқаев та дәл солай жасады. Менің ойымша, ол басқа жолды таңдай алмас еді. Оның үстіне Назарбаев әлі тірі» дейді журналист.
Сондай-ақ, ресейлік сарапшы тұңғыш президент пен қазіргі президент келісім жасағанын жоққа шығармады.
«Назарбаевтың бұл шешімі үшін Тоқаев оның туыстарына тиіспеуге уәде беруі мүмкін. Кейбір активтерін тартып алады және лауазымды қызметтерден босатады. Қазақстан шетелге ақша шығарудың құралы болды. Қазір Назарбаевтың отбасына шетелдік банктерде жасырған ақшасы толығымен жетеді. Бірнеше активтерін алғаннан ештеңе өзгермейді. Ең үлкен қор билік дер едім. Алайда Нұрсұлтан Әбішұлының жағдайында оның қолындағы билік те бітті. Билік болмаса барлығы нөлге теңеледі» деп қосты журналист.
Сергей Мардан саяси өзгерістерден кейінгі Қазақстанды сипаттап көрді.
«Біріншісі, Назарбаевтың отбасынан активтерді тартып алғанымен, орнына сайланған адамдар арқылы басқаруын жалғастыра береді. Тек қағаз жүзінде ғана басшылық ауысады. Екіншісі, Тоқаев расымен реформа жүргізіп, барлығын өзгертеді. Қалай дегенмен, Қазақстан бізді әлі талай таңқалдырады» деп түйіндеді Мардан.
Жаңалықтар
- Есіл өзенінде 20 жастағы жігіт қаза тапты: Денесі әлі іздестіріліп жатыр
- Future Games: Қазақстан намысын жалғыз команда қорғайтын болды
- УЕФА мен оған мүше 55 ел ФИФА жарыстары мен Әлем чемпионатына бойкот жариялады
- Зорланғанын айтқан қыздың арызын елемеген полицейлерге сот үкімі шықты
- Bazis-A негізін қалаған Александр Беловичтің ісі бойынша Татьяна Белова түрмеге тоғытылды
- Тоқаев бірқатар судьяларды орнынан босатты
- Тоқаев Ыстықкөлдегі Орталық Азия елдері мен Әзербайжан жетекшілерінің бейресми кездесуіне қатысады
- АҚШ-та Трамптың портреті бейнеленген паспорттар беріле бастады
- Испания шекарасын бұзған мыңдаған мигрант Еуропаны дүрліктірді
- Трамп ХАМАС-тың толық қарусыздану жөніндегі «тарихи» келісім жасалғанын мәлімдеді
- Елімізде 450 мың оқушыға 23 миллиард теңге қаржылай көмек қарастырылған
- Қытайдың «мұнай жұмбағы»: Тағы да жұмсақ күш танытпақшы ма?
- Армения үкіметі отставкаға кетеді, билік қайтадан Пашинянның қолында қала ма?
- ҰҚК Оңтүстік Кореяның 14 азаматын қолға түсірді
- КҚК теңіз терминалына дрондар шабуыл жасады: Мұнай тиеу уақытша тоқтатылды
- LRT тамыздан бастап жаңа тарифке көшеді
- Павлодарда пациенттерді ұрып-соғу туралы ақпараттан кейін психикалық денсаулық орталығында тексеріс басталды
- Қамшыбек Тәшиев мемлекеттік төңкеріс жасау әрекетіне қатысты апелляциялық шағым түсірді
- Таразда көңілдесі қызғаныштан әйелді тұншықтырып өлтірді
- Балқаш жағасында көлікпен қауіпті әрекет жасаған жүргізуші 10 тәулікке қамалды